Қаныш Сәтпаевтың 125 жылдығына орай облыстық көркемсурет музейінде көрме ұйымдастырылды. Онда оқушылардың 100-ден астам туындысы қойылды. Толығырақ келесі сюжетте.

Жылдың басында Павлодар облысының өнерлі балалары Қаныш Сәтпаевтың 125 жылдығына орай ұйымдастырылған байқауға қатысты. Онда ғалымның өмірі мен қызметіне қатысты шығармалары бой көрсетті. Нәтижесінде 100-ден астам туынды үздік танылып, бүгінгі көрмеге қойылды.

ДИЛАРА ҚАЙДАР, ОБЛЫСТЫҚ КӨРКЕМСУРЕТ МУЗЕЙІНІҢ ЭКСКУРСИЯ ЖҮРГІЗУШІСІ

Жалпы бұл көрмеде 100-ге жуық балалар жұмыстары ұсынылған. Бұл жұмыстар Павлодар облыстық көркемсупрет мектебі оқушыларының жұмыстары. Жалпы айта кетеін болсақ, орындау техникасы жанрлары әртүрлі. Туған жер пейзажы, портреттері ұсынылған. Ол қазақ ғылым академисяның негізін қалаушы.

Осылайша жас суретшілер Қаныш Сәтпаевтың тұлғалық бейнесін ашық көрсетуге тырысқан. Айта кетейік көрме шілде айының соңына дейін жалғасады.

Самал Қалиқызы, Алексей Мехедов, ЕА