Елімізде жыл сайын шілденің бірінші жексенбісінде домбыра күні аталып өтеді. Бұл мереке ұлттық қазынаның бір бөлігіне айналған аспаптың маңызы мен қадір-қасиетіне үңілуге мүмкіндік береді. Биыл мерекеге орай қандай шаралар ұйымдастырылады? Келесі сюжеттен көрейік!

Ұлттық аспабымыздың төл мерекесінде концерттер, челендждер өткізу дәстүрге айналған. Биыл негізгі мәдени шаралар 7 шілде күні ұйымдастырылады. Сағат тоғыз жарымда жаңа көпірде Домбыра керуені бастау алады.

САМАЛ САМЕНОВА, ОБЛЫСТЫҚ МӘДЕНИЕТ, ТІЛДЕРДІ ДАМЫТУ ЖӘНЕ АРХИВ ІСІ БАСҚАРМАСЫ БАСШЫСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ

Шаңырақ» облыстық халық шығармашылығы және мәдени-сауық қызметі орталығының ұйымдастыруымен елімізге, өңірімізге танымал айтыскер ақындар, дәстүрлі әншілер мен күйшілердің қатысуымен осы күні «Күмбірле, қоңыр домбыра» жылжымалы мәдени іс-шара жоспарланған. Керуен жолы «Нұрлы жол» көпірінен басталып, Назарбаев даңғылымен тура Торайғыров көшесіне шығып, Сәтбаев көшесінен орталық алаңға дейін жетеді. Абай Құнанбаев ескерткішіне қарама-қарсы жерде 10-15 минуттық концерттік бағдарлама ұсынылатын болады.

Сағат екіде «Әл-Әки» фольклорлық ансамблі Өзен вокзалындағы кемеде жеке концерттік бағдарламасын ұсынады. Ал үште Орталық мәдениет және демалыс саябағында «Домбыра үндері» атты мерекелік бағдарлама өтеді.

САМАЛ САМЕНОВА, ОБЛЫСТЫҚ МӘДЕНИЕТ, ТІЛДЕРДІ ДАМЫТУ ЖӘНЕ АРХИВ ІСІ БАСҚАРМАСЫ БАСШЫСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ

Концерттік бағдарлама барысында белгілі күйші Рүстембек Омаровтың 105-жылдығына орай И. Байзақов атындағы облыстық филармонияның Рүстембек Омаров атындағы қазақ ұлт аспаптар оркестрі, көркемдік жетекшісі, әрі бас дирижер, ҚР Еңбек сіңірген қайраткері Талғат Бәритұлы Кәрімовтің жетекшілігімен және филармония мен «Шаңырақ» орталығы әртістерінің қатысуымен «Домбыра - Дастан» атты мерекелік концерті өтеді. Сахнада Иса Байзақов атындағы филармонияның, «Шаңырақ» орталығының дәстүрлі әншілері, бишілері, «Рух» этно-ансамблі өнер көрсетеді.

Жалпы облыс бойынша домбыра күніне орай 200-ден аса шара ұйымдастырылады.

ЖҰЛДЫЗ ҚАБЫЛДЕНОВА, ЮРИЙ БЕЛЕВСКИЙ, ЕА