Шарбақты ауданында биыл 34 көшеге асфальт төселді. Ал қалған 16 көшенің жобалық-сметалық құжаты дайындалып жатыр. Аудан орталығында абаттандыру жұмыстары қызу жүргізілуде.

Шарбақты ауданының орталығында биыл Жеңіс саябағы мен Еңбек аллеясы күрделі жөндеуден өтіп жатыр. Бұл - ауыл халқының кешкісін серуендеп, бас қосатын алаңы.

МАРАТ ҚАЖЫМОВ , ШАРБАҚТЫ АУЫЛЫНЫҢ ӘКІМІ

Осы жылы «Жеңіс» саябағында үлкен жұмыс жасалынып жатыр. 27 млн теңгеге 1800 шаршы метр жердің бручаткасы ауыстырылуда. Ал Еңбек аллеясында 22 млн теңгеге 2000 шаршы метр жердің бручаткасы жаңартылды. Бұдан бөлек паркте тұрғындар кешкі уақытта серуендеу үшін жарық шамдар орнатылды.

Жақын арада аудан басшылығы бұл саябақтарға орындықтар қойып, суретке түсуге арналған шағын алаң дайындамақшы. Ал Шарбақты ауылындағы 50 көшенің 34-іне асфальт төселді. Қалған 16 көшенің құжаттары дайындалып жатыр.

МАРАТ ҚАЖЫМОВ , ШАРБАҚТЫ АУЫЛЫНЫҢ ӘКІМІ

Ауыл ішілік жолдарды жөндеуге көп көңіл бөлінді. Ауылдағы айналма жолдар 1-шағын аудан, 8 наурыз көшесі, 2-шағын аудан көшелерінің жолы жөнделді. 371 млн теңгеге жалпы ұзындығы 6,5 шақырым болатын жолға асфальт төселді.

Бұдан бөлек ауылдағы жаяу жүргіншілер жолы жөнделініп, 4 мектептің аумағына бағдаршам қойылды. Ауыл әкімінің сөзінше, абаттандыру жұмыстары бұнымен аяқталмайды. Алдағы уақыттағы жоспарлар кезең кезеңімен іске асырылмақ.

Өзгеріс Қуанар, ВАЛЕНТИНА ЛЕОНОВА, АЛЕКСЕЙ МЕХЕДОВ ЕА Шарбақты ауданынан.