Бүгін «Жасыл ел» жастар жасағының 20 маусымы ашылды. Биыл қоғамдық жұмысқа 2000 нан аса студент тартылмақ. Келесі бейнематериалда.

Жас келсе іске. Аймақтың 18 бен 35 жас аралығындағы жастары бүгін салтанатты түрде іске кірісті. 2 мың студент пен жұмыссыз жүрген жасөсіпірім абаттандыру, көгалдандыру және құрылыс жұмыстарында еңбек етеді. Ашылу салтанатына қатысқан Павлодар облысы әкімінің орынбасары студенттерді құттықтап, өңір жастарының еңбегін ерекше атап өтті.

ДӘУРЕН ЖАМБАЙБЕК, ПАВЛОДАР ОБЛЫСЫ ӘКІМІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ

Бүгінгі таңда Жасыл ел штабы республикалық ең мықты филиалдарының бірі болып табылады. Біздің штаб өзінің креативтігімен ерекшеленеді. Біздің өңірлік штаб республкада ең үздік деп танылғаны біз үшін үлкен мақтаныш. Облысымыздың барлық қалаларымен аудандарында аймақтық штабтар жұмыс істейді.

2004 жылдан бері елімізде жүзеге асырылатын бұл бастама сәтті орындалып келеді. Жастар зауыт, кәсіпорын, тұрғын үйлердің құрылысына қатысып, бірнеше бағытта жұмыс істейді.

РУСАНА СУЛАЙМОНОВА, «ЖАСЫЛ ЕЛ» ПАВЛОДАР ОБЛЫСТЫҚ ШТАБЫНЫҢ ДИРЕКТОРЫ

Осы жылы Павлодар облыстық штабы 2000 мыңнан аса сарбазды жұмысқа алатын болады. Бірнеше бағыт бар. Экология, құрылыс бағыты. Шығармашылық пен волонтерлік бағыты. Және де одан басқа әрине, біз әртүрлі шараларды өткізетін боламыз.

Биыл Баянауыл ауданында 100 ге жуық сарбаз еңбек етеді. Олар ауданның саябақтарына гүл отырғызып, абаттандыру жұмыстарына ат салысады. Олардың қатарында 16 жастағы Дінмұхамет Баянбекұлы бар. Студент экологиялық отрядта еңбек етеді.

ДІНМҰХАМЕТ БАЯНБЕКҰЛЫ, «ЖАСЫЛ ЕЛ» ЕҢБЕК ЖАСАҒЫНЫҢ САРБАЗЫ (БАЯНАУЫЛ АУДАНЫ)

Менің жұмысқа мақсатым бар еді. Жұмысқа тұрып Майқайын ауылын тазарту деген. Осы Жасыл ел командасына шықтым. Қоршаған ортаға пайдамызды тигізу үшін осы Жасыл ел командасына кірдік. Экологияны тазарту үшін, абаттандыру жұмыстарын өкізу үшін гүл отырғызу, ағаш отырғызу, ауланы тазалау деген жұмыстарымен.

АРУЖАН МАРАТ, «ЖАСЫЛ ЕЛ» ЕҢБЕК ЖАСАҒЫНЫҢ САРБАЗЫ (МАЙ АУДАНЫ)

Жаз мезгілі кезінде өз туған жеріме, өлкеме келіп осы қоғамға өз үлесімді қосқым келеді. Ауылдың күл қоқыстарын жинап, шөптерін жұлып осылай табиғатымызға өз үлесімізді қосамыз.

Сондай-ақ жүздеген студент қаланы абаттандыру жұмыстарына ат салысады. Жасақ сарбаздарының орташа жалақысы 60-90 мың теңге шамасында болмақ.