Павлодар облысына жұмыс сапарымен Парламент мәжіліс депутаты келді. Алдымен «Самал» оңалту орталығына келіп оның жұмысымен танысты. Толығырақ келесі сюжетте.

Самал оңалту орталығы 28 жыл жұмыс жасайды. Қазір 100-ден астам мүмкіндігі шектеулі балаға әлеуметтік, психологиялық, медициналық көмек көрсетеді. Алайда аталған орталық көштен қалмай, жаңа технологияларды енгізуді қажет етеді.

ЗИНАИДА БАГНЕНКО, «САМАЛ» ОҢАЛТУ ОРТАЛЫҒЫНЫҢ БАСШЫСЫ

Орталықтың 30 жылдығына орай үлкен халықаралық форум әзірленіп жатыр. Орталықты оңалту бойынша бұдан әрі дамыған кейпінде көрсеткіміз келеді. Оңалтудың жаңа технологияларын қол жеткізгіміз келеді. Александр Мякото деген азамат біздің жерлесіміз, ерекше оңалту технологияларын әзірлейді. Соны өзіміздің орталыққа енгізіп қолданғымыз келеді. Ол балалардың сал ауруына бағытталған.

Орталықтың түлектері осыннан кетіп, өзінің еңбек жолын бастап кеткен. Тіпті осы орталықта жұмыс жасап жатқандары да бар. Халық қалаулысы орталықта бірқатар қордаланған мәселе барын жасырмады. Сондықтан инклюзивті бағытта жұмыс жасайтын әріптестерімен мында тағы бір келетінін айтты.

АЯН ЗЕЙНУЛЛИН, ҚР ПАРЛАМЕНТІ МӘЖІЛІСІНІҢ ДЕПУТАТЫ

Мен депутат ретінде осындай оңалту орталығына бірінші рет келдім. Партияның фракциясында мүмкіндігі шектеулі адамдардың құқықтарын қорғауға бағытталған жұмыстар жасалып жатыр. Мәселенің бары анық. Бірақ орталық 18 жастан асқан түлектерін қолдап, бағыттап жатқаны да қуантады. Алдымен, адамдарды жұмыспен қамту сұрағы қаралды. Бұны әріптестермен талқылап, шешуге тырысамыз. Қыркүйек айында қайта келіп, проблеманы кең ауқымда қараймыз.

Орталықтың алға қойған жоспарлары көп. Оңалтудың жаңа формасы үшін аумағына бассеин орнату ойда бар. Одан бөлек, кәмелет жастан асқан түлектеріне жастар үйі болса деп отыр. Себебі, уақыт өткен сайын қызмет алушылар көбейіп жатқан көрінеді.

Самал Қалиқызы, Алексей Мехедов, ЕА