Ертіс ауданындағы орталық стадионда «Абайла, су» атты қызықты, әрі маңызды шара өтті. Оған аудандық білім бөлімі, мектептер мен балалар шығармашылық және бос уақытты қамту орталығының мамандары қатысты. Төтенше жағдайлар қызметкерлері мен дәрігерлер профилактикалық шарадан тыс қалмады.

Су тіршілік көзі болғанымен одан туатын қауіп-қатерде көп. Әсіресе, жаз мезгілінде өзен-көлдерді жағалайтын балалар көп. Сондықтан Ертіс ауданында өткен шарада судағы өзін-өзі ұстау ережелері, алғашқы медициналық көмек көрсетуден шеберлік сабағын көрсетілді. Және тақырыптық эстафеталар мен ойын-сауық бағдарламасы ұйымдастырылды. Осылайша, қатысушылар өзара құтқару шеңберін пайдаланып, бір-бірін құтқару бойынша жарысты. Шара соңында балалар суға түсу кезіндегі қауіпсіздік ережелерін тағы бір мәрте бекітіп, тәтті сыйлықтармен марапатталды.

ҚЫМБАТ САДЫҚ, ДАРИЯ ЖҰМАБЕКОВА, ЕА, ЕРТІС АУДАНЫНАН