20 шілде күні облыс орталығында қала күні атап өтіледі. Осыған орай шаһардың дамуына үлес қосқан азаматтар жайлы ақпарат беретін «Менің сүйікті қалам» жаңа айдарын таныстырамыз. Осы жолғы кейіпкеріміз журналист, тіл жанашыры, Павлодарды талай жырға қосқан Шолпан Байғалы.

Кейіпкеріміз Шолпан Байғалы 1960 жылдары ат терлетіп, арман қуып Павлодарға келіпті. Кешегі шаһардың сұрланған көшелері бүгін ерекше кейіпке еніп, жаңашылдық пен әлемдік өркениеттің ізі қалыптасып келеді дейді.

ШОЛПАН БАЙҒАЛЫ, ПАВЛОДАР ҚАЛАСЫНЫҢ ҚҰРМЕТТІ АЗАМАТЫ, АҚЫН, ЖУРНАЛИСТ

Мен енді Павлодарға келген кезде облыстық қызыл ту газетіне келген едім. Қала сұрланып көрінетін. Мынадай биік үйлерді көрген жоқпыз. Телецентр аумағында селеу өсіп тұратын. Сол кезде осы жерде үлкен үйім болса деп армандаған шығармын. Сол арманың қолыма жеткен сияқты

Қарт Ертістің жағасында орын тепкен Павлодардың аспанмен таласқан ғимараттары, бірінен бірі асатын көшелері, жүйткіген көлікке ыңғайлы жолдары, ең бастысы жүрегі кең адамдары бар. Күн санап дамыған экономикалық әлеуеттен бұрын құшағы ашық, жүзі жарқын павлодарлықтар ерек қой.

ШОЛПАН БАЙҒАЛЫ, ПАВЛОДАР ҚАЛАСЫНЫҢ ҚҰРМЕТТІ АЗАМАТЫ, АҚЫН, ЖУРНАЛИСТ

Мен енді республиканың бірнеше қалаларында болдым. Әр қаланың өзіндік айнасы бар, Оралмен салыстыруға келмейді. Кез келген тұрғындар Керекуді мақтайды. Сондай әдемі, көрікті қала деп. Сондықтан да мен Керекуді әрқашан мақтаныш етемін.

Осылайша Тәуелсіздік алғаннан бері Шолпан Байғалының 20-дан астам кітабы шыққан. Олардың қатарында Павлодарға арналған өлеңдері де бар.

Самал Қалиқызы, Евгений Олейник, ЕА