Елордасы Астана күні қарсаңында Достық үйінде поэтикалық конкурс өтті. «Ән айт, домбыра! Гүлдене бер, менің Астанам!» тақырыбындағы байқауға 22 қатысушы қатысты. Толығырақ алдағы сюжетте.

Поэтикалық конкурсты "Павлодар облысының фин-угор этномәдени орталығы" мен белсенді ұзақ өмір сүру орталығы бірлесе ұйымдастырды. Оған 22 қатысушы қатысты. Олардың ең үлкені 83 жаста. Зейнеткерлік жастың шыңына жеткен жандар Астана туралы шығармаларды ұсынды.

ОЛЬГА НИКОЛАШИНА, «ПАВЛОДАР ОБЛЫСЫНЫҢ ФИННО-УГОР ЭТНОМӘДЕНИ ОРТАЛЫҒЫ» ҚБ БАСШЫСЫ

Бүгін біздің байқауымыз ең үлкен қатысушы, көрермендер көзайымы, жоғары орындаушылық шеберлігі, мемлекеттік және орыс тілдеріндегі авторлық өлең сияқты критерийлер бойынша өтеді.

Белсенді ұзақ өмір сүру орталығы мерекелік байқауды үлкен ықыласпен қолдаған. Орталыққа қазір 800-ден астам зейнеткер барады. Олардың қатарында поэзияға құмар жандар көп.

НҰРСҰЛУ ҚАЙДАРОВА, БЕЛСЕНДІ ҰЗАҚ ӨМІР СҮРУ ОРТАЛЫҒЫНЫҢ БАСШЫСЫ

Орталықтағы зейнеткерлер белсенді өмір салтын ұстанады. Олардың ашылмаған таланттары көп. Сол мақсатта осындай байқауды қолдаймыз. Біздің зейнеткерлер үшін бұл үлкен мүмкіндік.

Байқауға қатьсушылардың бірі - Ерболат Масалимов. Ол біраз жылдар бойы ұстаздық қызмет атқарған, қазір зейнеткер. Мұндай конкурсқа алғаш рет қатысып, бақ сынады. Бас қала туралы оқыған өлеңі көптен көңілінен шықты.

ЕРБОЛАТ МАСАЛИМОВ, ҚАТЫСУШЫ

Астана күніне арналған шараға қатысып отырмын. Енді өзім қолдан жазбаймын өлең, бірақ Ділназ Сәрсенбайқызының өлеңін оқып беремін.

Жалпы мұнда 30-дан астам шығармалар оқылды. Конкурс соңында барлық қатысушылар түрлі номинациялар мен сыйлықтарға ие болды.

ҚЫМБАТ САДЫҚ, ЮРИЙ БЕЛЕВСКИЙ, ЕА