Павлодарда жасыл алаңда жастармен жиі футбол ойнап, түрлі әуесқой додаларға қатысатын ақсақал бар. Жасы 60-тан аса да спорттан күдерін үзбеген. Толығырақ тілшіміз тарқатсын.

БАЙТҰРСЫН ЖҰМАБАЙ

Бала кезде доп қуып, асыр салып ойнаушы едік. Қазір бойда қуат жоқ па? Әлде уақыт жоқ па, бұның барлығы сиреп кетті. Дегенмен, 60 жастан асқан ақсақал атамыз әлі де күшім бар, жастармен жарыса жасыл аланда ойнаймын дейді. Қазір бұл атамызбен сіздерді таныстыратын боламын.

Мұратбек Сайлауұлы 20 жасынан бері спортпен шұғылданады. Әлі күнге дейін теңбіл допты ұршықша иіреді. Қария әуесқой футболшыларға арналған додаларға жиі қатысып келеді.

МҰРАТБЕК ӘРІПОВ, ӘУЕСҚОЙ ФУТБОЛШЫ

Ол кезде енді жастық шақ қой. Албырт шақ, қызу қандылық, өзінді көрсету, өзінмен жұмыс істеу. Өзіміздің өнерімізді көрсету жағынан оқу жаттығуларына қатысып сол 22-23 жасымызда келген жайымыз бар.

Кейіпкеріміздің көп уақыты жасыл алаңда өтеді. Мақсаты балалардың спортқа деген қызығушылығын арттыру. Бірге доп тебетін жастар Мұратбек атаға қарап күш- жігер аламыз дейді.

РОМАН МИХОЕЛЕНКО, СПОРТШЫ

Ойын кезінде Мұратбек аға бізге өз білгенін үйретеді. Қателескен жағдайда көмектеседі. Ең алғаш ол кісіні достарыммен футбол аланыңда көрдім. Назарым бірден ауды. Ойынды тамашалауға келді деп ойладым, ағаның жасыл алаңдағы шеберлігін көргенде таң қалдым.

Айналасына футболшы ақсақал атымен танылған Мұратбек Әріпов мұнымен тоқтамайды. Ол басқа да командалық ойындарды меңгеруді жоспарлап отыр.

БАЙТҰРСЫН ЖҰМАБАЙ, АЛЕКСЕЙ МЕХЕДОВ ЕА