Солтүстік-Шығыс конференциясының Екінші лига командалары арасындағы футболдан Қазақстан чемпионатында бірінші кезең облыстық дербимен аяқталды. Павлодарда кездескен «Ертіс» пен «Ақсу» клубтары қандай ойын өрнегін көрсетті? Алдағы сюжеттен көрейік.

«Ертіс» чемпионат басталғаннан көшбасшылар қатарында. Ал «Ақсу» «Солтүстік-Шығыс» конференциясының аутсайдерінен алыс емес. Бірақ бұл матчты алдын ала болжау ғана. Дерби – әркім өзінің мықты тұсын көрсете алатын тартыс алаңы. 54-минутта ақсулықтардың бірі өз айып алаңында ойын шартын бұзды, кейін төреші пенальти белгіледі. Ойынның 90-минутында «Ертістің» қанжығасын майлап, қорытынды есепті 2:0 ұпайымен аяқтады. 9 шілдеде «Ертіс» Талдықорғанда «Жетісу-М» командасына қарсы ойнайды.

АЙЗАДА СОҒИДОЛЛА. ЕА