Тақырыпты жалғастырамыз. Павлодарлық ақ халаттылардың елімізде алар орны ерекше. Өңірдің бейіндік дәрігерлерінен бөлек, медбикелеріне дейін жүректі жылытады. Сондай жандардың бірі жылдар бойы жедел-жәрдем станциясында еңбек еткен Ирина Мищенко.

Ирина Мищенко Ақтоғай ауданының тумасы. Мектепті аяқтай салысымен, Ақтөбедегі мемлекеттік медициналық университетіне оқуға түскен. Еңбек жолын осы жедел-жәрдем станциясынан бастаған.

ИРИНА МИЩЕНКО, ПАВЛОДАР ОБЛЫСТЫҚ ЖЕДЕЛ-ЖӘРДЕМ СТАНЦИЯСЫ БАС ДӘРІГЕРІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ

Мен желідегі дәрігер болып қызмет бастадым. Кейіни кардиологиялық бригада еңбек еттім. Сосын ауысымның бас дәрігері болдым бірнеше жыл. Қазір облыстық жедел-жәрдем станциясы бас дәрігерінің орынбасарымын. Жалпы облыс бойынша бізде 70 бригада жұмыс істейді. 2016 жылдан бері аудан, қаладардағы барлық жедел жәрдем станциялары облыстық станцияға бірікті.

Кейіпкеріміздің сөзінше, тәулігіне станцияға 600-ден астам қоңырау шалынады екен. Диспетчерлер 1500-ға жуық адамға телефонмен кеңес береді. Станцияда дәрігерлік, фельдшерлік бригадалар жұмыс жасайды. 24/7 форматында еңбек еткен мамандар өмірін, жетістіктерін осы Павлодар шаһарымен байланыстырады.

ИРИНА МИЩЕНКО, ПАВЛОДАР ОБЛЫСТЫҚ ЖЕДЕЛ-ЖӘРДЕМ СТАНЦИЯСЫ БАС ДӘРІГЕРІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ

Біз басқа қалаларға сапарларға шығып тұрамыз ғой. Бізге де келіп тұрады. Қонақтарамыз Павлодар қаласының өте таза қала екенін айтады. Жағалауды өзіне қарап көз тамсанады, жүріп өтсеңіз шарғаныңызды басады, қуат береді. Шетелден келген қонақтар халықтың жүзі жылы, ашық екенін айтып жатады. Сол үшін мақтанамын.

Айта кетейік, Павлодар қаласының медицина саласының дамуына үлес қосқан Ирина Мищенкодай азаматтар жетерлік. Олар жайлы айтуды әлі де жалғастырамыз.

Самал Қалиқызы, Евгений Олейник, ЕА