Павлодарда шахматтан ҚР Сенатының ашық кубогы өтті. Жартылай финалға еліміздің солтүстік өңіріндегі 4 аймақ Павлодар, Солтүстік Қазақстан, Қостанай, Ақмола шахматшылары қатысты. Бір айта кетерлігі бұнда кәсіби шахматшылар жоқ. Барлығы да әуесқой ойыншылар.

«Senat Open» турниріне ұзын саны 100-ге жуық шахматшы қатысты. Араларында мәслихат депутаттары, қоғамдық кеңес мүшелері, қоғам белсенділері, журналисттер қауымы бар. Ойыншыларға бар жоғы 2 минут уақыт беріледі. Осы аралықта мықтылар басымдық көрсетуі керек.

НҰРЖАН РАХИМОВ, АҚМОЛА ОБЛЫСЫ АТБАСАР АУДАНДЫҚ МӘСЛИХАТЫНЫҢ ТӨРАҒАСЫ

Спорт болғасын жеңіске жетеміз деп тырысып келіп отырмыз. Ойын көрсетеді қандай нәтижеге жетеміз. Мынау шахматтың ерекшелігі уақыт бойынша ойнаймыз. Көп ойлануға болмайды. Тек жылдам түрде сағатты басып отырып, сонымен ғана жеңіске жетуге болады.

Жарыстың ашылу салтанатына облыс әкім, Сенат пен Мәжіліс депутаттары арнайы қатысты. Өңір басшысы қатысушыларға сәттілік тіледі.

«Senat Open» турнирі алғаш рет ұйымдастырылып отыр. Мақсат - таланатты шахматшыларды анықтап, бұқаралық спортты дамыту. 21 сәуірде еліміздің 15 аймағы мен 3 қаласында іріктеу кезеңі өткен болатын. Содан сүрінбей өткен 25 ойыншы жартылай финалға жолдама алды.

Жарысты өткізуге ҚР Парламент Сенаты мен Қазақстан Шахматшылар федерациясы мұрындық болған. Жеңімпаз атанғандар тамыз айында Астанада өтетін финалға қатысатын болады.

Өзгеріс Қуанар Әділ Мүтәлапов ЕА.