Иса Байзақов атындағы филармония Домбыра күніне орай «Ертіс Променад» сахнасында концерттік бағдарлама әзірлеп жатыр. Онда жергілікті өнерпаздар көрермен сүйіп тыңдайтын туындыларды шырқайды. Олардың қатарында авторлық шығармалар да бар.

Домбыра күніне орай ұйымдастырылған кеште Ұғыбайдолла Мүфтәннің авторлық «Алаш қырандары» шығармасының тұсаукесері болады. Рүстембек Омаров атындағы оркестрдің әртісі туындысын төрт жыл бойы әзірлеген, нотаға салып, оркестрмен шырқау да оңай емес дейді.

ҰҒЫБАЙДОЛЛА МҮФТӘН, Р.ОМАРОВ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ҰЛТ АСПАПТАРЫ ОРКЕСТРІНІҢ ӘРТІСІ

Жалпы бұл шығарма 2020 жылы біз карантинде болдық қой. Алаш зиялыларын фильмдерін көрдім, іздендім.Барлығы әсер етті. Кейін ұстазымыз домбыраға сай жасалынған.

«Алаш қырандары» 5 жарым минуттық туынды. Онда алаш қайраткерлерінің күресі, өмірі, тарих беттері бейнеленген. Шығарманы тыңдап отырған көрермен сол кезеңге түседі.

ҰҒЫБАЙДОЛЛА МҮФТӘН, Р.ОМАРОВ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ҰЛТ АСПАПТАРЫ ОРКЕСТРІНІҢ ӘРТІСІ

Шығарма өте күрделі негізі. Егер шығарманы айтатын болсам. Күрделі формада. Бастапқыда баяу, кейін Алашордалықтардың қадамдары көрсетіледі. Сол бізге қиындау болып жатыр.

Айта кетейік, Иса Байзақов атындағы филармония Домбыра күніне орай мерекелік шараға дайындық үстінде. Кеште филармония өнерпаздары ортаға шығып өнерлерін көрсетеді.

ТАЛҒАТ КӘРІМОВА, Р.ОМАРОВ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ҰЛТ АСПАПТАРЫ ОРКЕСТРІНІҢ КӨРКЕМДІК ЖЕТЕКШІСІ

Дайындық өте қызу, өйткені бізде көп жаңа шығармалар, оның ішінде халық әні Дайдидауды оркестрмен орындайды. Одан кейін Ұғыбайдолла деген әртісті «Алаш қырандары» орындалатын болады. Басқа да әртістердің шығармалары орындалатын болады.

Сонымен, кеште ән сүйер қауымды керемет тосынсыйлар күтіп тұр.

Самал Қалиқызы, Евгений Олейник, ЕА