Шалдай орманында кезекті «Парктер шеруі» акциясы өтті. Бастама – қоршаған ортаны қорғау мақсатында ұйымдастырылды. Толығырақ алдағы сюжеттен көрейік.

Парктер шеруі бұл халықаралық табиғатты қорғау акциясы. Ертіс орманы резерватында өткен бұл шараға Аққулы ауданының Шақа ауылдық округі мен Шегірен ауылының мектептерінің жоғары сынып оқушылары қатысты. Дәстүрлі түрде өтетін «Парктер шеруі» жасөспірімдер арасында экологиялық мәдениетті қалыптастырады.

ДӘМЕШ ӘБІЛДИНА, ТУРИЗМ ЖӘНЕ ЭКО-АҒАРТУ БӨЛІМІНІҢ МАМАНЫ

Мұның негізгі мақсаты бұл жұртшылықтың, халықтың, мемлекеттік билік органдарының, БАҚ, жеке кәсіпкерлердің назарын ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың проблемалық мәселелеріне назар аудару. Және оларға нақты көмек көрсету ,халыққа экодлгиялық білім беру. Туризм бөлімі екі ауданның білім бөлімдерімен жыл сайын шартқа отырамыз. Мұны резерват басшылығы бекітеді, екі аудан бойынша 48 мектеп бар. 48 мектептің барлығы осы парктер шеруіне қатысады.

Мұнда табиғатқа деген жанашырлық танытатын жандар қатары артып келеді. Шараға қатысқан жас туристерге Садықащы ауылында 1 күндік демалыс ұйымдастырды. Онда олар эко-көрсетілімдерін қойып, ашық аспан астында кино тамашалады.

ДӘМЕШ ӘБІЛДИНА, ТУРИЗМ ЖӘНЕ ЭКО-АҒАРТУ БӨЛІМІНІҢ МАМАНЫ

Шалдай ауылдық округінде танысатын көп жерлер бар. Мысалы, резерваттың, өрт сөндірудің жұмысы, авиаотделения, погран заставамыз бар. Сол жерлерге арнап экскурсиялар жүреді. Бұдан басқа да ауқымды іс-шаралар жүріп жатыр.

Табиғаты әсем, ауасы дертке шипа, сап түзеген қарағайлар арасындағы демалыс оқушылар үшін ерекше өтті.

ҚЫМБАТ САДЫҚ, ЕВГЕНИЙ ОЛЕЙНИК, ЕА, ШАРБАҚТЫ АУДАНЫНАН