Биыл Ақсу ауылдық аймағына қарасты Ақжол ауылының құрылғанына 70 жыл толды. Осыған орай мерекелік шара ұйымдастырылды. Толығырақ думанға барып келген әріптесім жалғастырсын.

Қалқаман ауылдық округының құрамына кіретін Ақжол ауылы1954 жылы негізі қаланған. 70 жыл ішінде ауыл ілгері көшке ілігіп, жан-жақты дамып келеді. Қазір мұнда 750-ге жуық тұрғын өмір сүреді.

ТІЛЕУҒАЛИ КЕНДЕБАЙ, ҚАЛҚАМАН АУЫЛДЫҚ ОКРУГЫНЫҢ ӘКІМІ

Ақжол ауылымызға 70 жыл толып, қуанышты жағдай. Мерекемізді атап өтіп жатырмыз. Көптеген қонақтарымыз келді. Қуаныштымыз енді. Осылай ауылымыз көркейе берсін. Өркендеуіне, өсуіне қызмет етеміз. Көптеген жастарымыз бар. Спорт жағынан болсын, мәдениет жағынан болсын – барлығы қамтылған біздерде.

Мерекелік шара барысында елді мекеннің өркендеуіне елеулі үлес қосқан 18 азаматқа марапаттар табысталды. Ауылдың байырғы тұрғындарының бірі Жамбыл Түсіпбеков мұнда 41 жыл тұрып, дамуы жолында тер төккен.

ЖАМБЫЛ ТҮСІПБЕКОВ, АҚЖОЛ АУЫЛЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ

54 жылдың қаңтарында осында қызметке ауысқам. Бас агроном, партия хатшысы, сосын директор болдым. 41 жыл тұрамыз енді. Бұл елдің бір ерекшелігі – біреуі басым емес, бәрі – бір ортада. Бірлігі мен берекесі жарасқан жақсы ел. Халығы жақсы. Жақсы тұрады негізі. Шаруалары бар. бәрі ауыл шаруашылығымен айналысады, кәсіпкерлікпен айналысады.

Ауыл мерейтойы спорттық сайыстарға ұласты. Қазақша күрес пен футбол жарысы өтті. Сондай-ақ палау мен бауырсақ пісіріліп, халыққа тегін таратылды. Осылайша, ауыл мерейтойы жоғары деңгейде аталып өтті. Көпшілік көңілі марқайып тарқасты.

ЖҰЛДЫЗ ҚАБЫЛДЕНОВА, АЛЕКСЕЙ МЕХЕДОВ, ЕА АҚСУ АУЫЛДЫҚ АЙМАҒЫНАН