Павлодар облыстық мәслихатының кезектен тыс XIV сессиясы өтті. Күн тәртібінде 2023 жылға арналған облыстық бюджеттің атқарылуы туралы есеп берілді. Одан бөлек тұрғын үй сертификаттарының мөлшері мен оларды алушылар санаттарының тізбесін айқындау жайы да сөз болды.

Былтыр облыстық бюджеттің шығыны 463,6 млрд теңгені құраған. Ал қазына қаржысының игерілуі 99,8 пайыз.

Әлеуметтік салаға бағытталған бюджет 30 мыңнан астам жаңа жұмыс орнын құруға мүмкіндік берген. Оның ішінде 22 700 тұрақты жұмыс орны құрылды. 464 адам бизнесті дамытуға 400 АЕК көлемінде грант алды. Өткен жылы «Жайлы мектеп» ұлттық жобасы бойынша екі мектептің құрылыс басталды. Сессияда депутаттар Екібастұздың жылу желісін жаңғыртуға арналған қаржының қалай игерілгенін сұрады.

СЕРІК БАТЫРҒҰЖИНОВ – ПАВЛОДАР ОБЛЫСЫ ӘКІМІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ

Өткен жылғы мол қаражаттың ақрасында Екібастұздың жылу жүйесі қалыпты режимде жұмыс жасады. Бұл ретте ТМ-2, ТМ-5, ТМ-7, ТМ-8 жылу трассаларының жақсы нәтиже көрсетті. Сондықтан, қаражат өзін ақтады деп айтуға болады.

Бұдан бөлек сессияда елді-мекендерді абаттандыру жайы да қозғалды.

БАҚЫТЖАН ӘЛІМҒАЗИНОВ – ОБЛЫСТЫҚ СӘУЛЕТ ЖӘНЕ ҚАЛА ҚҰРЫЛЫСЫ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСШЫСЫ

«Таза Қазақстан» акциясына бірқатар толықтырулар енгізілді. Мақсат елді-мекендердің тазалағын күшейту. Оның ішінде жеке меншік үйлердің ауласындағы тазалыққа бас мән беру керек. Бұл басты міндет.

ИЛЬЯ ТЕРЕНЧЕНКО – ОБЛЫСТЫҚ МӘСЛИХАТ ТӨРАҒАСЫ

Біз барлық сұрақты бұған дейін қарастырдық. 10-11 сұрақ арнайы слайдта да көрсетілді. Бұл мәслихаттың жаңа форматта жұмыс жасап жатқанының көрінісі деп білемін.

Сессияда күн тәртібіне қойылған барлық сұрақтар бойынша депутаттар шешім қабылдады.