7 жасар Милана Давыдованың өліміне қатысты сот үкім шықты. Туған қызын өлтіргені үшін анасына 20 жыл жаза кесілсе, оның көңілдесі өмір бойына бас бостандығынан айырылды.
Анасы өз қызын көңілдесімен бірге белбеумен буындырып өлтірген. Оқиға өткен жылдың қараша айында болған. 7 жасар Милана Давыдова анасын көңілдесімен жатқан сәтінде ұстап алыпты. Осыдан сескенген анасы қызын өлімші етіп сабап, көңілдесі екеуі белбеумен қылқындырған. Осыдан кейін бала сол жерде жан тапсырған. Ал қылмысын жасыру үшін баланың денесін үйдің ауласындағы қоқысқа көмген. Содан кейін анасы қызы жоғалып кетті деп жалпақ жұртқа жар салды. Сотта ақырғы сөзін айтқан анасы қызын өлтірмегенін айтып ақталды.
СОТТАЛУШЫ
Мен өз қызымды өлтірмедім. Мен балаларымды үнемі қорғап жүремін. Сондықтан құрметті сот маған да жеңіл жаза берулеріңізді сұраймын.
Ал көңілдесі де мен өлтірмедім деп азарда безер болды. Тіпті, жазасын жеңілдетуді сұрады.
СОТТАЛУШЫ
Құрметті сот сізден өтінерім маған қатысты айыпты басқа бапқа өзгертуіңізді сұраймын. Мен қызды өлтірмедім. Тек мәйітті көмуге көмектестім. Сондықтан маған жеңіл жаза тағайындауыңызды өтінемін.
Дегенмен де сот екеуінде кінәлі деп тауып, анасын 20 жылға, оның көңілдесін өмір бойына бас бостандығынан айырды.
НҰРЛАН ҚАЙЫРБЕКОВ, ПАВЛОДАР ОБЛЫСТЫҚ МАМАНДАНДЫРЫЛҒАН АУДАНАРАЛЫҚ ҚЫЛМЫСТЫҚ СОТЫНЫҢ СУДЬЯ
Сот Әбілдинов Асқар Талапұлын ҚР Қылмыстық кодексінің 99 бабы 3 бөлігі бойынша кінәлі деп тауып, өмір бойына бас бостандығынан айыру жазасын кесті. Ал Давыдова Татьяна Владимировна ҚР Қылмыстық кодексінің 99 бабы 3 бөлігі бойынша кінәлі деп табылсын. Сот оған 20 жыл бас бостандығынан айыру жазасын тағайындады. Жазасын қылмыстық атқару жүйесінің қауіпсіздігі орташа мекемесінде өтесін.
Қылмыскер бұған дейін 8 рет сотты болыпты. Осыны ескерген сот оған ең қатаң жаза тағайындады. Ал өмір бойына сотталған ер адам сот залында тамырын кесуге оқталды. Алайда, тәртіп сақшылары оған жол бермеді.
Өзгеріс Қуанар Арман Якубов ЕА.