Павлодар облысында малдың қысқы азығын дайындау жұмыстары қарқын алды. Қазірдің өзінде 1 млн. тоннадан астан шөп дайындалды. Мамандар биыл шөп тапшылығы болмайды - деп сендіріп отыр. Шөп шабу науқаны қалай жүріп жатыр? Тілшіміз біліп келді.

Биылғы мал азығының қажеттілігі 1 млн. 215 мың гектарды құрайды. Қазір 1 млн.-нан астам гектар жердің шөбі шабылды. Бұл жалпы жұмыстың 90 пайызын құрайды. Осы жылы шөптің шығымдылығына қарай 1 жарым жылдық қор дайындау жоспары қойылды.

15 тамыздан кейін Бұқтырма су қоймасынан Ертіс өзеніне су жіберу жұмыстары басталады. Сол себепті өзен алқабындағы шабындық жерлерді шауып, шөпті жинап алу жоспары қойылған. Мамандар биыл былтырғыдай мал азығының тапшылығы болмайды деп сендіріп отыр.

Ертіс өзеніне екінші рет жіберілген су шамамен қырқүйектің соңында тартылады. 15 тамызға дейін қысқы азықты шауып үлгермеген шаруалар күзде шауып алуына мүмкіндік бар. Десе де, биылғы шөптің мол болуы ауыл шаруашылығы мамандарының көңілін толтырып отыр.