Екібастұз қаласында дамуында бұзылу қаупі немесе даму ерекшеліктері бар балалардың отбасыларын ерте қолдау қызметі ашылды. Орталық мамандарына 0 мен 3 жас аралығындағы балалары бар отбасылар жазыла алады. Толығырақ алдағы бейнематериалда.
Ерте қолдау қызметі Екібастұз қаласының психологиялық-педагогикалық түзету кабинетінің базасында ашылды. Айта кетейік, бұл «Дара» қоры мен «Шеврон» компаниясының қолдауымен жүзеге асты. Жобаға облыс әкімідігі де қолдау білдірді.
Ерте жастан қолдау – бұл ата-аналар мен балаларға жан-жақты жәрдем береді. Елімізде мұндай ерекшеліктері бар балалар қатары да көп. Сондықтан ерте қолдау қызметі еліміздің әр өңірінде ашылып, көмек береді.
АЙГҮЛ ТАБЕРГЕНОВА, «ДАРА» ҚОРЫ «МҮМКІНДІКТЕР УАҚЫТЫ» ЖОБАСЫНЫҢ МЕНЕДЖЕРІ
Қарап отырсақ соңғы жылдары елімізде мүмкіндігі шектеулі балалар саны артып келеді. Ал ерте қолдау қызметі дамуында бұзылу қаупі бар немесе даму ерекшеліктері бар балаларға көмек беріп, ерекше бала өсіріп отырған ата-аналарға қолдау көрсетеді. Яғни, негізгі жұмыс отбасы мүшелерімен жүргізіледі. Мысалы, мамандар ата-аналарды баланың функционалды дамуына үйрету үшін жұмыстар атқаратын болады. Мұндай ерте қолдау қызметі биыл көптеп ашылады. Төртінші рет Екібастұз қаласында ашып отырмыз, енді еліміздің 11 өңірінде кезең-кезеңімен, тамыз-қыркүйек айларында ашылады
Мұнда танымдық, моторлық, коммуникациялық, өзін-өзі күту және әлеуметтік өзара әрекеттесу дағдыларын қалай дамытатыны туралы білімі бар маманнан ерте қолдау қызметтерін алуға болады.Олар ата-аналарға бала өмірінің алғашқы сәттерінен функционалды дамытуға көмектеседі. Және қай салада қиындықтар туындағанына байланысты әртүрлі қызметтерді береді.
МАДИНА ҒАБДУЛЛИНА, БАЛАЛАР ҚҰҚЫҒЫН ҚОРҒАУ ЖӘНЕ ИНКЛЮЗИВТІ БІЛІМ БЕРУ БӨЛІМІ БАСШЫСЫНЫҢ М. А.
Бұл кабинеттерге кез келген отбасы келіп, өз баласына диагностика жасай алады, скрининг деп атайды. Оның нәтижесінде қажет қолдау алады. Бұл жерде оқыған педагог алты модульді курсты аяқтап, ата-анамен жұмыс жасайды.0-ден бастап 3-ке дейінгі балалардың көбі біліммен қамтылмағандықтан кез келген ата осы кабинетке келіп немесе телефон арқылы көмек сұрауға болады
Өз кезегінде, әр атана-ана балаға көп көңіл бөлу керек. . Мұндай қызмет түрі баланың дамуына қандай да бір өзгеріс береді. Сондықтан мұндай орталықтардың бой көтеруі ата-аналарға сеп болмақ.
Ерте қолдау қызметі 0 мен 3 жас аралығындағы балаларға тұрғылықты жері арқылы тегін көрсетіледі. Сондай-ақ, ата-аналар Екібастұз қаласындағы психологиялық-педагогикалық түзету кабинетінің ғимаратына немесе 74-00-49 нөмірі арқылы қосымша ақпарат ала алады.
Қымбат Садық