Обь-Ертіс хауызы арқылы Ресей Федерациясының солтүстік теңіздеріне шығу мүмкіндіктері қарастырылып жатыр. Жоба жүзеге асса 2-2,5 млн тонна көлемінде тасымалдау жүргізіледі. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде ҚР Көлік министрлігі Теміржол және су көлігі комитеті төрағасының орынбасары айтты.

Су көлігін дамыту бұл су транспорты саласын дамыту бағытындағы негізгі мақсаттардың бірі. Су көлігінің қауіпсіздігін қамтамасыз етумен «Қазақстан су жолдары» мемлекеттік кәсіпорны айналысады.

ҚАСЫМ ТІЛЕПОВ, ҚР КӨЛІК МИНИСТРЛІГІ ТЕМІРЖОЛ ЖӘНЕ СУ КӨЛІГІ КОМИТЕТІ ТӨРАҒАСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ

2024 жылы ішкі су жолдарында 2 млн текше метр көлемде тереңдету жұмыстары жүргізілді. 2600 навигациялық белгілер қойылды. Сондай ақ Урал-Каспий каналының кеме өтетін параметрлерін қалыпқа келтіру жоспарланып отыр, кепілді тереңдігі 2,5 метрге дейін жеткізілмек. Жалпы кеме өту процесі Ертіс, Урал Каспий және Балқаш бассеиндерінің көлемінде жасалады. Ұзындығы 2104 шақырымды құрайды.

Өзен транспортының әлеуетін толық пайдалану үшін мультимодальды «Ресей-Қазақстан-Қытай» транзиттік дәлізді құру бойынша жұмыс жүргізілуде. Оған Ертіс өзенінің траншекаралы аумағы пайдаланылады.

ҚАСЫМ ТІЛЕПОВ, ҚР КӨЛІК МИНИСТРЛІГІ ТЕМІРЖОЛ ЖӘНЕ СУ КӨЛІГІ КОМИТЕТІ ТӨРАҒАСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ

Бұл Ресей мен Қытайға жаңа көліктік байланыс құруға мүмкіндік береді. Бүгінгі таңда су көлігін жалпы транспорттық жүйеге енгізу үшін барлық шаралар жасалып жатыр. Бұл осы бағытта саланың әлеуетін арттыруға мүмкіндік береді.

Әрине су транспортының әлеуеті мол. Бірақ кемелерді жөндейтін кәсіпорындардың жағдайы біз ойлағандай жақсы емес.

ҚАСЫМ ТІЛЕПОВ, ҚР КӨЛІК МИНИСТРЛІГІ ТЕМІРЖОЛ ЖӘНЕ СУ КӨЛІГІ КОМИТЕТІ ТӨРАҒАСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ

Елімізде Семейде, Павлодар бассеинінде. Каспийде олар бар. Бірақ бұл жеткіліксіз. Біз қазір Баутино мен ҚҰрықта кеме жөндейтін үлкен кәсіпорынды құру бойынша жұмыстар жүргізіп жатырмыз.

Ертіс өзенінде барлық өзен көлігі, яғни еліміздегі барлық су көлігінің жүретіні жасырын емес.

ҚАСЫМ ТЛЕПОВ, ҚР КӨЛІК МИНИСТРЛІГІ ТЕМІРЖОЛ ЖӘНЕ СУ КӨЛІГІ КОМИТЕТІ ТӨРАҒАСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ

ЕРтіс бізде ұзындығы 1600 шақырым болатын трансшекаралы тамыр. Тереңдету жұмыстарының 2 млн текшесі Павлодар аумағында. Барлық өзен тасымалының 90 пайызы жүк тасымалына тиесілі. 170 кеме бар. Омбыдан Тұғылға дейін мультимодальды байланыс, Қытайға бару, қеру қайтуда осында.

Қосымша жағалау инфрақұрылымын құру бойынша жұмыстар жүріп жатыр. Себебі, жалғыз Павлодардағы өзен порты жеткіліксіз. Сондықтан Семей мен Өскемендегі жағалаудың әлеуеттері қарастырылады.