Павлодар облысында таулы өлкеде саяхаттауды сүйетіндер үшін дәстүрлі, «Ертіс меридианы» республикалық слеті өтті. Талай жылдан бері алыс-жақын аймаққа танылып үлгерген дәстүрлі туризм мерекесі Баянауыл ұлттық паркінде өтті. Бұл жылы еліміздің түкіпір-түкпірінен келген 10 командадан бөлек Ресей федерациясының да туристтік командалары қатысты. Толығырақ тілші әңгімесінде.

Қазақстан мен Ресейдің түкпір-түкпірінен жүзден астам қатысушыны жинаған дәстүрлі туристік слет Баянауыл ұлттық паркінде өтті. Мақсаты – спорттық туризмді дамыту және кеңінен насихаттау. Сонымен қатар слет халықаралық байланысты нығайту мен патриоттық тәрбиені нығайтуға зор үлесін қосты.

ЛЮДМИЛА ШЕПЕЛЕВА, САЙЫСТЫҢ БАС ТӨРЕШІСІ

Бұл слет туризмнің -тау-кен техникасы, жаяу жүргіншілер техникасы, су техникасы секілді әртүрлі түрлерінен тұрады. Сондықтан Кросс-жорық әртүрлі кезеңдерді қамтыды. Олар жартас қашықтығы, су тосқауылынан өту, жартас каньоны арқылы өту сияқты. Ал дульфермен түсу биыл күтпеген жаңалық болды. Бұл кезеңде командалар оларды не күтіп тұрғанын білмеді және олар ол сезімдерді сол жерде түсінуі керек еді. Осыған қоса карабиндердің көмегінсіз түсу болды, командалар өздеріне дюльфер ұйымдастырып, сақтандыруды ұйымдастыру керек болды

Жарыстың екінші күні тартысты өтті. Командалар суда құтқару жұмыстарын жүргізді. Судағы кезеңде қатысушылар ағыс алып кеткен жолдастарын құтқарумен айналысты.

Жарыстың осы кезеңінде Астана қаласының командасы мен Павлодар облысының құрамасы жақсы нәтиже көрсетті. Жарыс эстафета форматында өтті. Онда әр команда суда күресіп қана қоймай, командалық жұмыс пен өзара топ арасында көмек көрсетулері керек болды.

ВАДИМ БОКОВ, ПАВЛОДАР ОБЛЫСЫ ҚҰРАМА КОМАНДАСЫНЫҢ ҚАТЫСУШЫСЫ

Кешегі кросс-жорықта ең жақсы нәтижелердің бірі көрсетілді. Біз жалпы тау туризмі техникасы бойынша жақсымыз. Өзімізді су туристері ретінде көрсетпейміз. Бірақ соған қарамастан өте жақсы өнер көрсеттік. Бұл жоғары нәтиже деп олаймын

Бәсекелестііке қарамастан, тоғанда нағыз достық орнады. Командалар бір – біріне көмек көрсетті. Біреу суға түсіп, біреу қалақпен бөлісті. Туризмде ең басты – қолдау мен қарым-қатынас екенін тағы бір рет айқынды. Қолдау, достық және өзара көмек жарыстың барлық кезеңдерінде билік етті. Ал кешке барлық қатысушылар Туристік ән байқауына қатысты.

Табиғат аясындағы Туристік ән байқауының финалы аяқталды. Бұл жыл сайынғы шара авторлық әндердің шығармашылығы мен дәстүріне назар аудара отырып, туристерді біріктіреді. Шараға тәжірибелі орындаушылар мен қатар әннің авторлары да жиналды. Ал қатысушылар арасында Павлодардан келген ең жас орындаушы Даниля Биянова бар.

Данила өзге қатысушыларды өзінің орындауы мен вокалдық қабілеті арқылы баурап алды. Ал жас орындаушыға кей аға әріптестері ынтымақтастық ұсынды.

Қатысушылар бұл қойылымға слет бойы дайындалды. Әрбір композиция саяхат, достық және табиғатқа деген сүйіспеншілік туралы шағын әңгімелерден құралды. Әндер әр түрлі жанрда шырқалды.

ВЛАДИМИР ВИШНЯКОВ, " ПЯТНИЦА" АВТОРЛЫҚ ӘН АНСАМБЛІ

Бард әндері де әртүрлі жанрда орындалуы мүмкін. Мысалы -блюз интонациясы, рок-н–ролл интонациясы, джаз әсері арқылы. Ал біз классикаға жақынбыз. Мен негізі бұл жанрды қатты жақсы көремін. Бірақ менің ойымша, ол әлі толық зерттелмеген. Дегенмен алдағы уақыттарда бқл жанр бойынша концерттер өткізіліп, фестивальдар ұйымдастырылады.

Үш күндік туристік слеттен қатысушылар мол әсер алды. Жарыстың барлық кезеңдерінің қорытындысы бойынша "Ертіс меридианы" республикалық туристер достығы слетінің 33-ші жеңімпазы болып Астана қаласының командасы, екінші орында Павлодар облысының құрамасы және үшінші орынды – Шығыс Қазақстан облысы, Синегорье командасы иеленді.

Туристік іс-шара барлық қатысушыларға жарқын әсер қалдырды. Жарыстың жеңімпаздары мен жүлдегерлеріне Павлодар облысының дене шынықтыру және спорт басқармасынан естелік сыйлықтар табыс етілді.

Салтанат Бауыржанқызы, Валентина Леонова