Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Парламент палаталарының бірлескен отырысында Қазақстан халқына жыл сайынғы Жолдауында сөз сөйледі. Жолдауда еліміздің саяси және әлеуметтік-экономикалық даму перспективаларына қатысты мәселелер қамтылды.

Биыл Мемлекет басшысының Қазақстан халқына жолдауы «Әділетті Қазақстан: заң мен тәртіп, экономикалық өсім, қоғамдық оптимизм» деп аталды. Онда еліміздің саяси және әлеуметтік-экономикалық даму келешегімен байланысты мәселелер қамтылған. Атап атар болсақ, Президент Үкімет және әкімдер экономиканың құрылымын өзгертуге баса назар аударуға тиіс екенін айтты. Одан кейін Үкімет бюджет тапшылығының орнын толтыратын қаржы көзін табу үшін тиімді компенсациялық тәсілдер ойластыруы қажет деді Президент.

ҚАСЫМ-ЖОМАРТ ТОҚАЕВ, ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ

Бүгін біз алға қойылған жоспарымызды пысықтап, мақсаттарымызды айқындаймыз. Қазір жер жүзінде гео саяси текетірестер белен алып тұр., соған қарамастан.. Қазақстан дамып келе жатыр. Экономиканы инфляция баяулады. 2,5 төмендеді. Бұл ұарқынды жоғарлтпайызы керек. Үкімет және әкімдер.... құрылымын өзгертуге баса назар аудару тиіс. Жаңа тетіктерді қарасытраған жөн. Басты мақсат азаматардың табыс деңгейін арттыру. ... экономика өскен сайын. Елоіміздің әлеуетін күшейте аламыз. Әр жоба елге пайдалы юолу қажет.

Бұдан кейін, Қасым-Жомарт Тоқаев Үкіметке газ өңдеу кәсіпорындарының құрылысын тездетуді тапсырды. Жылу электр орталықтарын және қарапайым тұтынушыларды көмір орнына газ жағуға көшіру жұмысын байыппен жүзеге асырған жөн деп айтты. Бұған қоса, Президент, бюджет қаржысын тиімді пайдалануды тапсырды. Үкімет ұлттық банкпен бірлесіп, осы мәселеге қатысты нақты шаралар қабылдау тиіс деп айтты.

ҚАСЫМ-ЖОМАРТ ТОҚАЕВ, ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ

Ашығын айту керек біздің кіріс бөлігі орындалмай жатыр. Бұл бұрынғы және қазіргі Үкімет жұмысындағы үлкен олқылық, Мұндай жағдай жиі қайталанса еліміздің дамуын тежейді. Сондықтан оған жол бермеу қажет. Бюджет қаржыныс тиімді пайдалану шығыс бөлігін нақты шаралар қабылдауға тиіс.

Сондай-ақ, мемлекет басшысы жолдау барысында атом электр стансасын салу мәселесіне қатысты жалпыұлттық референдум бойынша Жарлыққа қол қойды. Президент АЭС құрылысы бойынша референдум 6 қазанда өтетінін атап өтті.