Ардагерлер АЭС құрылысын қолдайды. Атом электр стансасы еліміздің болашағы үшін қажеттіліктердің бірі деп санайды.

Атом электр стансасын салу турасында қоғамда әр түрлі пікір бар. Бірі - одан табиғат пен қоршаған орта жапа шегетіндігін айтса, бірі - ел экономикасының жаңа серпіні үшін қажет дейді. Өткен ғасырдағы ірі жарылыстар мен экологиялық апаттың зардабын әлі тартып келе жатқан халықтың үрейі де жоқ емес.

Бұндай үлкен жобаларды жан-жақты араптап елдің ертеңі тұрғыснан келу керек дейді ардагер.

Павлодар облысында 120 мың ардагер бар. Кеңес төрағасы олардың барлығы референдум күні өз таңдауларын жасайтындығын айтады.

ЖАНАСЫЛ СЕРІКБОЛ, МЕДЕТ КӘРІМ ЕА