Президенттің халыққа жасаған кезекті жолдауы жаңа бастамаларға толы. Қоғамның әрбір тобы жолдау негізінде өз жұмыстарын іске асырады. Солардың бірі жаңа салық кодексіне бағытталды. Алдағы материалға кезек берейік.

Бүгінде салық халық пен мемлекет өмірі¬нің барлық саласымен біте қай¬на¬сып кеткені рас. Көлеңкелі экономика үлесінің жоғары деңгейде қалуы қаржы саласындағы ахуалды ушықтырып тұр. Оны айтарлықтай төмендету үшін мұқият ойластырылған жан-жақты шаралар қабылдаған жөн Бұл мақсатта жауапты мамандар жаңа салық кодексі туралы заңды мақұлдайды. Айта кетейік, Жолдауда Президент жаңа Салық кодексін сапалы әзірлеу үшін оны қабылдау мерзімін келесі жылға ұзартуды да құптайтынын мәлімдеген болатын.

БАҚЫТБЕК ҚҰСАЙЫНОВ, АҚТОҒАЙ АУДАНЫ МЕМЛЕКЕТТІК КІРІСТЕР БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСШЫСЫ

Біздің мына салық кодексіміз қарпайым экономикалық белсенді азаматтарға қолайлы, жеткілікті, оның ережері барлығына түсінікті болуы керек,. Қазір қолданыста 7 салық арнайы режимі бар. Соны Президент оңтайланыруға тапсырма берді. Бірақ оңтайландыру кезінде бизнес салаға кері әсер етпеуі керек, соны қадағалап айтты. Салық берешегі аз мөлшерде болған кезде салыө төлеушілерге тек ғана хабарлама жіберіледі, бұрынғыдай мәжбүрлеп өндіру шаралары қолданылмайды. Белгіленген мөлшерден асып кетсе салық төлеушілерінің банк шоттары тек ғана сол соммаға ғана бұғатталады, ал толығымен бан шоты жабылмайды.

Сондай-ақ, мемлекет басшысы жолдау барысында атом электр стансасын салу мәселесіне қатысты жалпыұлттық референдум бойынша Жарлыққа қол қойды. Бұл тақырып та бүгінгі қоғамда қызу талқылануда.

БАҚЫТБЕК ҚҰСАЙЫНОВ, АҚТОҒАЙ АУДАНЫ МЕМЛЕКЕТТІК КІРІСТЕР БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСШЫСЫ

Таза, сенімді,экологиялық атом энергиясын балама түрде салуға қоғамда кең талқыланып жатыр. Осыны байыппен шешшу үшін Президентіміз 6 қазанда рееферендум өткізуге қол қойды. Мен тұрғындарды конституциялық құқыттарын пайдаланып, сайлау учаскелеріне беріп дауыс беруді сұраймын.

АЭС алып эконимканың негізі, болашақ энергиясының көзі деп санайтындар да, қауіп мен қатерін айтатын қоғам мүшелері де бар. Нақты шешім жалпыұлттық референдумда айтылмақ.

ҚЫМБАТ САДЫҚ, ЕВГЕНИЙ ОЛЕЙНИК, ЕА АҚТОҒАЙ АУДАНЫНАН