Ескі қоқыс жәшіктері ауа өткізбейтін және эстетикалық келбеті бар еуроконтейнерлерге ауыстырылып келеді. Қазір қалада мұндай 130-дан астам қоқыс контейнерлері орнатылған.

Павлодарда ескі қоқыс контейнерлерін заманауи контейнерлерге ауыстыру қалдықтарды кәдеге жарату жүйесін жақсартуға және қала тұрғындарының жайлылығын арттыруға бағытталған. Өткен жылдан бастап Павлодарда ескі қоқыс контейнерлерін ауа өткізбейтін және эстетикалық келбеті бар еуроконтейнерлерге ауыстыру жұмыстары кезегімен атқарылып келеді. Сонымен қатар, еуроконтейнерлерді оңай жылжытуға мүмкіндік бар.

АЙНҰР СӘДУАҚАСОВА, ПАВЛОДАР ҚАЛАСЫ ӘКІМІНІҢ БАСПАСӨЗ ХАТШЫСЫ

Өткен жылы дәл осындай 800 контейнер сатып алынды. Оларды қаланың Химгородок шағынауданынан орнатып бастадық. Қазір 130-дан астам еуроконтейнерлер орнатылды.

Биыл тағы мұндай 1000 контейнер сатып алынған. Қалдықтарды үнем шығарып, тазалық сақтауды қамтамасыз ететін 18 бірлік арнайы техника қарастырылған. Сонымен қатар, қала аумағында «қоқыс сұрыптау зауыты» жобасы жүзеге асырылуда. Бұл зауыт ресурстарды тиімдірек өңдеуге ғана емес, сонымен қатар полигондарға жүктемені азайтуға мүмкіндік береді екен.

АЙНҰР СӘДУАҚАСОВА, ПАВЛОДАР ҚАЛАСЫ ӘКІМІНІҢ БАСПАСӨЗ ХАТШЫСЫ

Бүгінде қоқыс сұрыптайтын орын анықталды. Енді, ол жерде түсті және қара металл, картон, полиэтилен, тұрмыстық қалдықтар, бөтелкелер мен шыны ыдыстар сұрыпталады деген болжам бар.

Мұндай жаңа контейнерлер қоқыс жинау тиімділігін арттырып қана қоймай, сонымен қатар қайталама ресурстарды ұтымды пайдалануға ықпал етеді.Сайып келгенде бұл аймақтың экологиясын одан әрі жақсарта түсуге септігін тигізеді.

ҚЫМБАТ САДЫҚ, АЛЕКСЕЙ МЕХЕДОВ ЕА.