Бүгін Павлодар қаласының 288 тұрғыны қуанышқа кенелді. «Достық» ауданында оларға салтанатты түрде пәтер кілттері табысталды. Көптің қуанышына тілшіміз куә болып қайтты.
Бұл шаңырақты ұзақ жылдар бойы кезекте тұрған көп балалы отбасылар, жалғызбасты аналар, жетім және әлеуметтік осал топтағы азаматтар қол жеткізді. Облыс орталығындағы «Достық» ауданы іргетасы енді құрылып жатқан жаңа аудандардың бірі. Қазір мында 1775 пәтерлі 14 көпқабатты үй орын тепкен. Болашақта бұл аудан қаламыздың ең жайлы орындардың біріне айналады.
АСАЙЫН БАЙХАНОВ, ПАВЛОДАР ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ
Осы мына шағын ауданымызда «Достық» шағын ауданында әлеуметтік инфрақұрылымды да ұмытқан жоқпыз. Бұл инфрақұрылым мұз сарайымен, қосымша балабақшамен, емханамен және де мектеп шектелмейді. Бқл ары қарай да жоспар бойынша жол салынады. Трамвайдың қосымша жолдары болады. Бұл жобалар әрине, бір жылда іске асырылымайды. Ол үшін уақыт керек. Сабырлық танытсаңыз біз сіздерге риза боламыз.
Әсел Әбілдина 2014 жылдан тұрғын үй кезегінде тұр. Бүгін ол баспаналы болған бақытты жандардың қатарында.
ӘСЕЛ ӘБІЛДИНОВА, ПАВЛОДАР ҚАЛАСЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ
Өте қуаныштымын. 3 бөлмелі пәтер алдым. 10 жыл тұрдым. Көпбалалы анамын. Өте қуаныштымын.
Ладожская 17 көшесінде бой көтерген з подьезді баспанада 54 бір бөлмелі, 108 2 бөлмелі және 126 үш бөлмелі пәтер бар. Іші кең, жарық, әрі жайлы. Өңір басшысы Асайын Байханов жаңа баспана иелерін құттықтап, шаңырақтарына бас сұқты.
Мағрипа Қанкөкейқызы, көпбалалы ана. Үй кезегінде 17 жыл тұрды.
МАҒРИПА ҚАНКӨКЕЙҚЫЗЫ, ПАВЛОДАР ҚАЛАСЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ
Бүгін өте қуаныштамын. Қуанышымда шек жоқ. 17 жыл кезекте тұрып, міне бүгін осындай 3 бөлмелі баспанаға қол жеткіздік. Балаларым немерелерім барлығымыз Алла қаласа осында боламыз. Өте қуаныштамын. Рахмет Алла риза болсын.
Облыс орталығында жыл аяғында тағы 200 пәтер қолданысқа беріледі. Айта кетейік қазір Павлодар қаласында үй кезегінде 16 мыңнан аса азамат тұр.
ӘЙГЕРІМ ТОҚПАНҚЫЗЫ, МЕДЕТ КӘРІМ. ЕА