Көшелерді ескі, қураған ағаштардан тазарту жұмыстары дәстүрлі түрде жыл сайын жүргізіледі. Биыл қала тұрғындары бұл мақсатта 1000-нан аса өтініш қалдырған.

Жаз мезгілі кезінде коммуналды қызметтер кең ауқымды жұмыс атқарды. Ағаштар мен көгалдар өсіп жатқан гүлдерді суарып, арам шөптерді жұлады. Онымен қоса өсіп кеткен ағаштарды кесіп, көріктендіреді. Ұйымдастырылып жатқан іс шаралардың барлығы жасыл қорды күту аясында атқарылған.

АЙНҰР СӘДУАҚАСОВА, ПАВЛОДАР ҚАЛАСЫ ӘКІМІНІҢ БАСПАСӨЗ ХАТШЫСЫ

Қала тұрғындарынан ағаштарды санитарлық, құрғақ және апаттық жағдайда тұрған ағаштарды кесуге және тасып шығаруға, ағаш қоқыстарынан тазалауға қатысты 1075 өтініш келіп түсті. Өтінімдер облыс және қала әкімінің инстаграмм, ватсап қызметі арқылы, Е-өтініш платформасы, 109 бірыңғай байланыс орталығы арқылы қабылданды. Жасыл желектерді санитарлық кесу жұмыстары кезектілік тәртібімен жүргізіледі. Бүгінгі таңда азаматтардың 900-ге жуық өтініші пысықталды.

Айта кетейік, қалада ағаштарды кесу жұмыстары әлі де жалғасын табады. 1000-нан аса қабылданған өтініштің 900-ге жуығы пысықталған.

ҚЫМБАТ САДЫҚ, ЮРИЙ БЕЛЕВСКИЙ, ЕА