Бүгін облыс әкімідігіне өңір басшысының қатысуымен апппаратты жиын өтті. Күн тәртібінде қандай мәселелер қаралды? Тілшіміз толықтырады.

Аппаратты жиын жылыту маусымы мәселесінен басталды. Бұл науқан өңірде 9 қыркүйектен жүруде. Жылу бастапқыда әлеуметтік нысандарға жіберілді. Кеше тұрғын үйлерге де таратыла бастады. Қазір облыс орталығындағы 1300 көпөабатты үйдің 82 сіне жылу берілді. Павлодар қаласында 277 әлеуметтік нысаннаңы 178 қосылды

ЕРЖАН ИМАНЗАЙЫПОВ, ЭНЕРГЕТИКА ЖӘНЕ ТҰРҒЫН ҮЙ-КОММУНАЛДЫҚ ШАРУАШЫЛЫҚ БАСҚАРМАСЫ БАСШЫСЫ

16 қыркүйектегі жағдай бойынша әлеуметітк нысандар 100 пайыз қосылды. Қалған 3 қалада және ауданда жұмыстар жалғасуда. Атап айтар болсақ Ақсу қаласында 44 әлеуметтік нысан 40-і қосылды. 20 қыркүйекте 100 пайыз қосылады. 82 үй қосылды кеше.

БИЫЛ ӨҢІР ТҰРҒЫНДАРЫНАН 61 МЫҢ ӨТІНІШ ТҮСКЕН

Өңір басшысы жауапты басқарамаға құзыретіне жылу беру маусымын сапалы орындауда тапсырды. Бұдан кейін жиналыс шенеуніктермен бұқара арасын жалғайтын көпір, яғни, кездесулер мен жеке қабылдаулрдың өту барысы айтылды. Әкім, халқына жақын болуы тиіс. Билік өкілдері Халық үніне құлақ асуы тиіс. Айта кетейік биыл өңір жұртшылығынан 61 мың өтніш түскен. Оныс басым көпшілік тұрғын үй, әлеуметтік сала, денсаулық сақтау мен білім беру саласында өрбіді.

ДИДАР ИБРАЕВ, ПАВЛОДАР ОБЛЫСЫ ӘКІМІ АППАРАТЫНЫҢ БАСШЫСЫ

2024 жылдың 8 айында Павлодар облысының мемлекеттік құрылымдарына 61 мың өтініш келіп түсті. Оның ішінде жергілікті атқарушы органдарға 30110 өтініш. Бұл өткен жылдың кезеңімен салыстырғанда... электронды жүйелерге жүгінеді.

Өңір басшысы бұл мәселе үнемі назарда болу керек екенін айтты.

Билік пен қоғам арасындағы сындарлы диалог мемлекетке деген сенімді нығайта түседі. Соңғы уақытта өңірде мектеп оқушыларының қатысумен болған оқиғалар шенеуніктердің жұмысын сынға қалдырды. Бұл жөнінде өңір басшысы ақпаратты жасырмай, халыққа жеткізу керек екенін айтты. Әлеуметтік желі сіздер үшін әдемі парақша емес деп сөзін толықтырды.

Қазіргі уақытты Железин мен Павлодар ауданы әкімдерінің жеке қабылдау өткізу жөніндегі жұмысы ақсап тұр екен. Бұдан бөлек, қала тұрғындарының сауалдарына жауап беретін 109 қызметінің жұмысы да көңіл көншітпейді. Өңір басшысы бұл мәсеге қатысты жауаптыларға тапсырма берді.

Шенеунік – бұл бұқара мен билікті жалғайтын көпір. Азаматтардың өмір сапасын жақсарту үшін құлақ асатын мемлекет құру үшін әкім халқына жақын болуы тиіс.

ӘЙГЕРІМ ТОҚПАНҚЫЗЫ, ЮРИЙ БЕЛЕВСКИЙ ЕА