Қазіргі заманда барлық төлемдерді кю-ар код арқылы жасайтын болдық. Ыңғайлылықпен қатар жаңа жүйенің кері тұстары да анықталып жатыр. Себебі кейбір қазақстандықтар кю-ар код арқылы төлем кезінде бағалардың жоғарылатып қойылғанын да тіркеген. Бұл туралы толығырақ тілшіміз айтады.

Кю-ар кодпен төлеу тез әрі ыңғайлы. Алайда бұның артында ойламаған шығындар болуы мүмкін. Павлодардағы дүкендердің бірінде келіншек кюар кодпен төлем жасап, тауардың бағасы одан да қымбат екенін байқаған. Яғни сатушы төлем түбіртегіне бағаны жоғарылатып қойған. Сауда комитеті департаменті тексеріс жүргізіп, заңсыз баға көтеруді анықтады. Кәсіпкерге 3 АЕК көлемінде айыппұл берді. Елімізде дәл осындай жағдайлар соңғы кезде жиі байқалады. Ағымдағы жылы Павлодардағы сауда департаментіне түсетін аталмыш шағымдар саны 1,5 есеге артқан.

ДӘУЛЕН ҚАБДУШЕВ, САУДА ЖӘНЕ ТҰТЫНУШЫЛАРДЫҢ ҚҰҚЫҒЫН ҚОРҒАУ ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ БАСШЫСЫ

ҚР тиісті заңнамасына сәйкес төленетін ақша заттың жазылып тұрған бағасымен бірдей болу керек. Ондай болмаса біздің мемлекеттік органға жүгінуге болады, біз жоспарсыз тексеріс жасаймыз. Кәсіпкерлік нысанды жауапқа тартамыз. Айыппұл 30 АЕК көлеміне дейін тағайындалады. Жағдай қайталанса 200 АЕК көлемінде айыппұл беріледі.

Сарапшылар қосымша үстемақы заңға қайшы ғана емес, тұтынушылардың құқығын да бұзатынын айтты. Елдегі заңнамаға сәйкес тауар мен қызметтер құны жасырын қосымша құнсыз жазылып тұру керек. Яғни кәсіпкерлер, сатушылар төлеу әдісіне қарамай бір бағаны белгілеп, сонымен төлем жүргізуге тиісті. Осы мақсатта біз тұрғындардың сатушыларға қаншалықты алданып қалатынын анықтадық.

Сатушылар тұтынушыларды қашырмау керек, ол үшін адал жұмыс істеген дұрыс

Ештеңе айта алмаймын, мен әрқашан қолма қол ақшамен төлем жасаймын.

Осындай жағдайларға тап болмау үшін, мамандар кю-ар кодпен төлем жүргізбес бұрын экрандағы бағаны тексеруге кеңес береді. Жоғарыда айтылған жағдайлар анықталса бірде тиісті органға жүгіну керек.