Павлодарда 80-нен астам үйге жылу берілді. Бұл бағыттағы жұмыс әрмен қарай да тоқтаусыз жалғасады. Алдағы материалды.

Жоспар бойынша жылу беру айдың басында – 9 қыркүйекте басталды. Әдеттегідей, бірінші кезекте әлеуметтік нысандар қосыла бастады.

РОМАН ГОНЧАРЕНКО, «ПАВЛОДАРЭНЕРГО» АҚ ҚОҒАММЕН БАЙЛАНЫС БӨЛІМІНІҢ ЖЕТЕКШІ МАМАНЫ

17 қыркүйек күні таңғы мәлімет бойынша 172 әлеуметтік нысан қосылды. Сондай-ақ 16 қыркүйекте қала әкімдігінің қаулысымен «Павлодар жылу желілері» ЖШС көпқабатты тұрғын үйлерді кезең-кезеңімен жылу жүйесіне қосуды бастады. Бірінші кезекте жылу қабылдауға 100 пайыз дайын көпқабатты тұрғын үйлер қосылады. 17 қыркүйек күні таңертең 82 көпқабатты үй жылу жүйесіне қосылды.

Қызмет көрсету ұйымдары жылыту маусымына дайындықты алдын ала бастағанымен, дайындығы төмек үйлер әлі де бар. Мамандар оларға ерекше назар аударады.

Жанасыл Серікбол, Медет Кәрім, ЕА