Соңғы кезде жастардың әскер қатарынан бас тартып, азаматтық парызын өтеуге асықпайтыны жиілеп кетті. Осы мақсатта еліміздің түкпір түкпірінде ақпараттық түсіндірме жұмыстары жүріп жатыр. Арнайы топ Павлодарға да жетті.

Қабанбай атындағы жас сарбаз мектебіне ҚР Қорғаныс министрілігінің ақпараттық түсіндерме тобы келді. Негізгі мақсат «Біртұтас ел-біртұтас жер» тақырыбы аясында жастарды әскерге шақыру, ел іргесінің бүтіндігі үшін азаматтық парызды өтеуді насихаттау.

ҒАЛЫМЖАН ЖҰМАБАЕВ, ҚР ҚОРҒАНЫС МИНИСТРЛІГІ ТӘРБИЕ ЖӘНЕ ИДЕОЛОГИЯЛЫҚ ЖҰМЫСТАР ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ АҒА ОФИЦЕРІ

Жастарды әскери патриоттық тәрбиелеу мақсатында көрме көрсетуге дайын. Жастар арасында түсіндіру жұмыстарын, жеңілдіктерді айтуға келдік. Бұл еліміздің барлық жерлерінде өткізіліп жатыр.

ҚР Қорғаныс министрлігінің тобы Павлодар қаласының бірқатар мектептеріне барады. Әскерилер Тереңкөл, Железин, Аққулы және Шідерті елдімекендеріне барып жастар арасында насихаттау жұмыстарын жүргізеді. Кездесу барысында әскери өмірден сыр шертетін қару-жарақтар, киім үлгілері, тарихи кезеңді еске салатын дүниелер көрмеге қойылды.

ДІЛНАЗ ТІЛЕН, ҚАБАНБАЙ АТЫНДАҒЫ ЖАС САРБАЗ МЕКТЕБІНІҢ ОҚУШЫСЫ

Осы мектеп түскен себебім өзімнің кішкентай кезімнен мамандықты таңдаған себебім арманым болатын. Өз Отанын қорғау әр азамат үшін міндет деп ойлаймын.

Сонымен қатар, ақпараттық түсіндірме тобының қатарында құрмет қарауыл ротасының жас сарбаздары да болды. Олар өздерінің өнерін көрсетіп, әскери өмірімен бөлісті.

Самал Қалиқызы, Медет Кәрім, ЕА