Мемлекет басшысы Қазақстан халқына жолдауын жасады. Онда еліміздің алдағы жылдарға арналған экономикалық әлеуметтік бағыт-бағдары айқындалды. Жолдауды өңір депутаттары да қолдайды.

Жолдаудың халыққа жақын, экономикалық оңтайландыру бағытындағы бастамалары көп екені белгілі. Соның бірі ауылшаруашалық саласына қатысты. Бір тармақтардың бірі бұл - «Ауыл аманаты» жобасы. Мұның барысында ауыл азаматтарына жаңа мүмкіндіктер туады.

АСЫЛБЕК ТУҒАНБАЙ, ОБЛЫСТЫҚ МӘСЛИХАТ ДЕПУТАТЫ

Бір жыл бұрын қолға алынған «Ауыл аманаты» бағдарламының сәтті орындалғаны, енді соны әрі қарай жетілдіріп, несиенің тауар түрінде берілетіні айтылды.Бұл келесі кезекте сол ауыл тұрғындарының әл-ауқатын жақсарту,ауылдағы жұмыссыздықты азайту, ауыл шаруашылығы өнімдерін ауылда өңдеп, соны ыңғайлы бағамен халыққа ұсынуға үлкен септігін тигізеді деп ойлаймыз.

Көктемнен бері елімізде «Таза Қазақстан» жалпыұлттық экологиялық акциясы жүріп жатыр. Оның аясында, 1 миллион тоннадан астам қоқыс жиналған. Мұндай науқан ары қарай да жалғасын табады делінді жолдауда.

МЕРҒАЛИ ЖҮСІП, «ЖАСТАР РУХЫ» ЖАСТАР ҚАНАТЫНЫҢ ТӨРАҒАСЫ

Президентіміз бұл бастаудың сәтті болғанын айтып өтті. Біз өз өңірімізде бұл жұмыстарды әр бейсенбі сайын акция аясында жүргізген болатынбыз. Ол жұмыс жалғасын табатынын Президентіміз атап өтті , өзіме жақын келетіні жастар саясаты болғандықтан, бос жұмыс орындарының дефициттілігі айтылды және педагогикалық университеттерге қарастыру керектігін айтты.

Жалпы, жолдауда айтылған бастамалар көп. Өзге де мәселелер халыққа түсінікті жеткізілді.

Қымбат Садық