Конституция күніне орай Успен ауданы Тимирязево ауылының тұрғындары қуанышқа кенелді. Олар Ата заң мерекесін күрделі жөндеуден өткен мәдениет үйінде тойлады. Жаңарту жұмыстарына 158 млн теңге бөлінген нысанның жаңа келбетімен тілшіміз танысып қайтты.

Тимирязева ауылы ауданның шалғай жатқан елді мекендердің бірі. Мәдениет ошағы 1985 жылы бой көтерген. Сол уақыттан жөндеуден өтпеген нысанның шатыры жұқарып, жаңбыр жауса төбесінен су ағатын күйге айналған еді. Енді облыстық бюджеттен бөлінген қаржаның септігімен ажарын аша түсті.

БАУЫРЖАН ДҮЙСЕКЕЕВ, ТИМИРЯЗЕВО АУЫЛЫ МӘДЕНИЕТ ҮЙІНІҢ ӘДІСКЕРІ

Мында енді басынан бастап демонтаж өткізілді. Шатыры жаңадан салынды. Терезелері ауыстырылды. Жаңа қазандықтар қойылды. Сахнамыз, төбеміз. Сахнаның киімі, отыратын орындықтарымыз, бәрі өзгерілді. Сол мына 3 ай ішінде жаңбырлан кейін бәрі ағатын. Қазіргі уақытта бір тамған емес.

Әлеуметтік нысанның едені, қабырғалары мен бөлмелері жаңарды. Сахна кеңейіп, орындықтар саны артты. Бұл арқылы ойын баласы үшін қосымша үйірмелер ашылды.

АЙНАШ ЖҰМАТАНОВА, ОЛЬГИНО АУЫЛДЫҚ ОКРУГІНІҢ ӘКІМІ

Қазір ауылдарымыз ақырын көркейіп жатыр. Көріп жатырсыз міне. Біздің күрделі жұмыс мәдениет үйімізді жасады. Құлап жатқан жағдай болды. Облыстық бюджет беріп бізге 158 млн беріп, сол қазір бүкіл жұмыстарды істеп атқарды. Күрделі жұмыс көріп жатқандай.

Күрделі жөндеу әкімдіктің назарында болды. Халық қалаулары мен комиссия мүшелері құрылыс нысанына келіп, бақылау жүргізді. Мердігер ұйыми мәдениет үйін уақытында тапсырды.

НҰРБОЛАТ МАҚАШЕВ, УСПЕН АУДАНЫНЫҢ ӘКІМІ

Өткен жылы осы біздің мәдениет үйіміз авариялық жағдайда болған болатын. Осыған байланысты облысымыздың басшысы Асайын Байхановтың қолдауымен қаражат бөлініп, мәдениет үйіміз жаңарып, күрделі жөндеуден өтті.

Ашылу салтанатында аудан өнерпаздары өнер көрсетіп, әннен шашу шашты. Ал ауыл тұрғындары елдімекен өмірінде орын алып жатқан игілікті істерге риза.

Ауылда жағымды жаңалық көп. Бұған қоса, ауыл ішінде жолдар жаңарды. Кіре беріс 23 шақырым жолға асфальт төселді.

 Әйгерім Тоқпанқызы