Павлодар облыстық төтенше жағдайлар департаменті жылыту маусымына дайындықты бастап кетті. Осы ретте әлеуметтік осал топтағы азаматтар аса назар аударуды қажет етеді. Төтеншеліктердің датчиктерді орнату рейдіне біздің тілшілеріміз де қатысты.

      Жылыту маусымы кезінде жер үйлерде өртену жағдайлары жиі кездеседі. Ол үшін үй иелері мұржаларды тазалап, датчиктерді орнатып пештерін қысқы уақытқа дайындау керек. Бұл ретте төтенше жағдайлар департаменті Павлодарское ауылына барып, рейд жүргізді. Акция барысында көпбалалы отбасыларға, жалғызбасты зейнеткерлер мен мүгедектерге басымдық берілді.

Улы газ анықтайтын датчиктер пеш орналасқан бөлмеге жақын орнатылады. Ауада улы газ байқалғанда дыбыс сигналын соғады.

ЖЕҢІС МҰХАММЕД, ПАВЛОДАР ҚАЛАСЫ ТЖБ АҒА ИНЖЕНЕРІ

Датчиктердің ішінде циферблат бар. Олар ауадағы концентратты анықтайды. Сосын дыбыс сигналын соғады. Егер датчиктен дыбыс соғылса, бірден терезелерді ашып, үйдегілерді далаға шығарған дұрыс. Содан кейін ғана пештегі ақауды анықтауға болады.

Төтенше жағдайлар басқармасының қызметкерлері датчиктерді орнатып қана қоймай, өрт қауіпсіздігін сақтау бойынша түсіндірме жұмыстарын жүргізді. Айта кетейік, аталмыш улы газды анықтайтын датчиктерді арнайы дүкендер мен интернет дүкендерден алуға болады.

Самал Қалиқызы, Александра Алябьева