Павлодар қаласындағы номері 43 мектебінде алғашқы қоңырау соғылды. Бұл білім ордасында биыл 110 бүлдршін алғаш рет мектеп табалдырығын аттады.

Алғашқы қоңырау, алғашқы өмірлік қадам. Әр ата-ана үшін жан тебірентерлік сәт. Номері қырық үшінші мектеп табалдырығын алғаш рет 100 ден астам бүлдіршін аттауда. Ата-аналар балаларын жетектеп, мектепке әкелді.

ЕКАТЕРИНА МАНЬКО-ЦЕЧОЕВА, АТА-АНА

Қырық үшінші мектеп туралы жақсы пікірілер айтылған соң баламды осында әкелдім. Балам үшін осындай мектеп қажет деп шештім. Мұғалім мен бала, ата-ана арасындағы тығыз әрі жылы қарым-қатынас болады деп үміттенемін..

КАМИЛА СЫЗДЫҚОВА, АТА-АНА

Менің алғашқы балам мектеп табалдырығын аттауда. Баламмен бірге алғаш рет мектеп табалдырығын аттап тұрғандықтан аса толқудамын. Мектеп туралы жақсы пікрілер көп. Мұғалімдерінің білікті екендігі айтылды.

Баршасы білім сапарына аттанған балдырғандардың қадамына сәттілік тілейді. Ұстаздар да айрықша тебіреніспен айнаалсына таңырқай қарап, жаңа өмірге талап қылған оқушыларды қарсы алды.

АННА КОПТЕЛОВА, БАСТАУЫШ СЫНЫП ЖЕТЕКШІСІ

2024-жылы мен бесінші мерейтойлық сынып жетекшілігімді бастаудамын. Өте қатты толқып тұрмын. Осы сәтті тағатсыздана күттім. Бұл күні мен өзімнің алғашқы ұстаздарымды еске аламын. Олар маған осы салаға деген қызығушылығымды арттырып, 25 жыл бойы атқарып келе жатқан мамандығымды таңдауыма ықпал етті..

Енді он бір жыл бойы осы білім қабырғасында бүлдіршіндер білім алып, өмірлік жолдарын айқындайды.

Жанасыл Серікбол