Елімізде 2013 жылдан бастап Мемлекет басшысының жарлығымен кыркүйек айының екінші жексенбісінде отбасы күні атап өтіледі. Биыл бұл мереке 8 қыркүйекте тойланады. Осыған орай Бұқар жырау атындағы музейде дөңгелек үстел өтті.

Мемлекет отбасыдан басталады.Сондықтан ел болу үшін отбасылық құндылықтарды нығайтқан абзал. Отбасы институты, дәстүр сабақтастығы деген дүниелерді ғасырлар бойы ұлттық кодымызға айналған әдет-ғұрып, діл мен дінмен байланыстыру да маңызды.

АБЗАЛ РЫМБЕК, БҰҚАР ЖЫРАУ АТЫНДАҒЫ ӘДЕБИЕТ ЖӘНЕ ӨНЕР МУЗЕЙІНІҢ БӨЛІМ ҚЫЗМЕТКЕРІ

Отбасы күніне орай отбасылық құндылықтарды, отбаслық дәстүрлерді, отбасылық ғұрыптарды насихаттау мақсатында дөңгелек үстел өткізгелі жатырмыз. Оған ақсақалдар, қаламыздың белсенді әжелер қатысады. Пікірталас өткізгелі жатырмыз.

Дөңгелек үстел барысында аға буын өкілдері мен жастар, студенттер пікір алмасып, тәлім-тәрбие, жар таңдау, ұрпақ сабақтастығы сынды өзекті тақырыптарды қозғады.

ШОЛПАН БАЙҒАЛЫ, АҚЫН, АРДАГЕР ЖУРНАЛИСТ

Тәрбиенің бәрі отбасыдан басталады ғой. Бала өмірге ата наны тәрбиелеу үшін келеді. Сол баланың дүниеге келген күннен бастап ата ана саналы, тәрбиелі өсуіне бұрын болмаған қылықтарын арнайды. Баланы тәрбиелеу оңай емес. Бұл бала болашақ оны тәрбиелеу өте маңызды.

Шара жергілікті өнерпаздардың ән-жырымен жалғасты.

Самал Қалиқызы