Конституция күнінде «Ертіс променад» сахнасында «Ата Заңым- айбыным» атты концерт өтті. Онда жергілікті өнерпаздар мен эстрада жұлдыздары өнер көрсетті. Толығырақ алдағы сюжеттен көрейік.

Конституция күні – маңызды мемлекеттік мерекелердің бірі. Айтулы күні біздің өңір мерекені думандатты. Шара шымылдығын жергілікті әншілер ашты. Көрерменге ұмытылмас әсер қалдырған әрбір өнерпаз халықтың ыстық ықыласына бөленді.

Ашық аспан астындағы мерекеге халық көптеп жиналды. Өнер жұлдыздары барша павлодарлықтарды айтулы күнмен құттықтады. Олардың бірі, Алатау серілері. Топ патриорттық әннен шашу шашты.

Ал, кеш хэдлайнері жас талантты әншілер Садраддин мен Айри болды. Оларды асыған күткен жанкүйерлерінің сүйікті әндері орындалып, бар өнерлерін ортаға салды.

Басты сахна «Ертіс променадта» өткен кеш көерермендерге көтеріңкі күй сыйлады. Өнерпаздар тыңдарманның сүйіспеншілігіне бөленді.

Қымбат Садық