«Қаншалықты тұтынсаңыз, соншалықты төлейсіз». Президент Қасым-Жомарт Тоқаев жыл сайынғы халыққа жолдауында тариф белгілеудің жаңа қағидатын атап өтті. Жаңа тәсіл бойынша электр, су және газ сияқты коммуналдық ресурстарды көбірек пайдаланатын тұтынушылар жоғары тарифтерді төлейтін болады.

Қазақстанда тарифқалыптастыру әлі күнге дейін маңызды және өзекті мәселе. Азаматтар мен кәсіпкерлер тариф белгілеу үдерісінде ашықтық жоқтығына шағымданады. Тұрғындар тарифтердің қандай негізде белгіленетінін және шығындардың қалай есептелетінін түсінбей дал. Ал табиғи монополиялар жағдайында бәсекелестік проблемалары туындауы мүмкін, бұл бағаның көтерілуіне әкеледі. Ал, сарапшылар тариф құрылымы қалың жұртшылыққа түсінтік деп отыр.

НҰРЛАН НҰРМҰРАТОВ, ПАВЛОДАР ОБЛЫСЫ БОЙЫНША ТАБИҒИ МОНОПОЛИЯЛАРДЫ РЕТТЕУ ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ БАСШЫСЫ

Кемшіліктер, әрине, болуы мүмкін, бірақ жалпы менің жеке пікірімше, тариф белгілеу саясаты мен табиғи монополиялар субъектілерінің қызметін реттеу жүйесі барынша ашық, цифрландырылған.

 «Көп тұтынсаң, көп төлейсің» қағидасы 2025 жылы басталғалы отырған коммуналдық сектордағы ауқымды реформалардың бір бөлігіне айналады. Мемлекет басшысы бұл қадам инфрақұрылымды жаңғыртуға және коммуналдық сектордың тұрақты дамуын қамтамасыз етуге де септігін тигізетінін атап өтті.

Сонымен бірге, Мемлекет басшысының айтуынша, жеке монополистермен қарым-қатынаста тұтынушылар мүддесін назардан тыс қалдыруға болмайды. Мемлекет ұзақ мерзімді перспективаға өзінің тарифтік саясатын нақты жоспарлауы қажет.

ЖАҚЫП ХАЙРУШЕВ, «АТАМЕКЕН» ҰКП ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ БАСҚАРУШЫ ДИРЕКТОРЫ

Біздің экономикамыз дамып келе жатқандықтан және халық санының күрт өсуін қамтамасыз ете алмайтындықтан, осындай жүйе ұсынылып отыр. Бұл жерде біз қиалымыздағы әрленген әсем картинадан гөрі үнемшілік мәселесіне нақты назар аударуымыз керек. Нақты жүйелі жұмыс қажет.

Билік жаңа инновация қоршаған ортаны жақсартуға, сондай-ақ ресурстарды халық арасында әділ бөлуге мүмкіндік береді деп күтеді. Дегенмен, реформалар мен өзгерістер уақытмен қатар, мұқият жоспарлауды қажет етуі мүмкін. Жаңашылдықтардың халық бюджетіне қалай әсер ететінін уақыт көрсетеді, ал нақты қандай шаралар енгізілетіні және олардың әрбір жеке тұтынушыға қалай әсер ететіні белгісіз.

Жанасыл Серікбол