Күні кеше ғана Мемлекет басшысы дәстүрлі Жолдауын жариялаған еді. Осы жолғы Жолдау жылдағыдай әлеуметтік-экономикалық жағдай, білім, денсаулық, өнеркәсіптік тақырыптарды қозғады. Президенттің ел дамуындағы әр нақты бастамасын павлодарлықтар қолдап отыр.

Мемлекет басшысы осы жылғы Жолдауында 6 қазанда рефарендум өтетін айтты. Онда қазақстандықтар біздің елге Атом электр Станциясының қажеттілігі бойынша шешім қабылдайтын болады. Осы ретте қалалық мәслихат төрағасы Қобыланбек Қожин Президенттің бастамасын құптап отыр.

ҚОБЫЛАНБЕК ҚОЖИН, ҚАЛАЛЫҚ МӘСЛИХАТ ТӨРАҒАСЫ

Павлодарда электролиз зауыты бар. Әр салаға қажетті алюминий шығарады. Ол Алюминий зауыттың екінші деңгейіндегі зауыт. Біздің Павлодарда, облыста электр қуаты 40 пайыз өндіріледі. Шағын, ірі бизнестер өзінің жобаларын іске асыру үшін электр қуаты қажет. Электр Қуаты қажет.

Жолдаудан кейін Үкімет пен жергілікті атқарушы органдар алдында мақсат міндеттер айқындалды. Енді тек білек сыбана, Жолдауды қағаз түрінде қалдырмай іске асыру қалды.

Самал Қалиқызы