6 қазанында Атом электр станциясы құрылысы бойынша жалпыхалықтық референдум өтеді. Бұл туралы Мемлекет басшысы Қазақстан халқына жыл сайынғы Жолдауында жариялады. Атом саласының сарапшылары, мемлекеттік органдардың, қоғам мен азаматтық сектордың өкілдері Қазақстандағы атом электр стансаларының құрылысы туралы қызу пікір білдіруде.

Қазіргі уақытта Қазақстан шамамен 15 ГигаВт электр энергиясын өндіреді. Бірақ бес жылдан кейін бұл мөлшер жеткіліксіз болады. 2035 жылы біздің елге шамамен 25 гигаватт қажет болады. Қасым-Жомарт Тоқаев жаһандық қуат тапшылығының өсіп жатқанын ескере отырып, бізге сенімді және экологиялық таза энергия көздері өте қажет екенін атап өтті.

БОРИС ПОЛОМАРЧУК, САЯСАТТАНУШЫ

Егер Қазақстан биік белестерге, азаматтарымыз әлемдегі дамыған елдердің қатарына қосылуға ұмтылса, біз өз әлеуетімізді арттыруымыз керек. Екі жыл бұрынғы Екібастұз есімізде, ал Павлодарда мезгіл-мезгіл өшірулер болып тұрады. Электр жеткізу желілері ғана емес, өндіруші кәсіпорындар да тозған. Ең арзан және экологиялық таза энергия ретінде атом энергиясы қажет. Оның үстіне Қазақстан атмосфераға көмірқышқыл газының шығарындыларын азайтуымыз керек деген халықаралық келісімдерге қол қойды, ал атом энергетикасы бұған мүмкіндік береді.

Қазақстанда күн және жел энергиясы жалпы қуаттың шамамен 6% ын қамтиды. Біріншіден, бұл жеткіліксіз, екіншіден, бұл энергия көздері климаттық жағдайларға өте тәуелді. Саясаттанушының айтуынша, атом энергетикасы экономикамыздың қарқынды өсіп келе жатқан қажеттіліктерін айтарлықтай қанағаттандыра алады.

БОРИС ПОЛОМАРЧУК, САЯСАТТАНУШЫ

Қазақстанда уран қоры бар. Оны пайдаланбай сатып жатырмыз. Ядролық энергетика саласында қалыптасқан мектеп бар. База да қалыптасқан. АЭС салуға барлық мүмкіндік бар. Әрине, Чернобыль апаты, полигон сияқты өткеннің үрейі бар. Бұл жерде де мәселе адамның қолында екендігін ескеру керек. Бақылаусыз болса, кез-келген инновация мен технология қауіпті. Халық қорықса, бақылау тетіктерін орнатып, өз кадрлерін өсіруі керек. Тәуелсіз энегетикалық экономика құрудың жалғыз жолы осы.

Біз ұзақ мерзімді ұлттық мүдделер мен еліміздің ерекшеліктерін ескере отырып, болашақты ойлауымыз керек, деді Президент. Көптеген мерзім бойы электр қуатының тапшылығын көршілес елдерден келетін импортпен толтыруға тура келді.

БОРИС ПОЛОМАРЧУК, САЯСАТТАНУШЫ

Бұл ұлттық қауіпсіздік мәселесі. Бүгін көршіміз бізге энергия береді, бірақ ертең бірнеше себептерге байланысты беруді тоқтатады. Немесе қымбатқа түседі. Жарайды, қымбат болса да төлеп аламыз дейік. Тасымдауды мүлдем тоқтатса не болады? Ал содан кейін инновацияға қарсылар, мысалы, телефонды зарядтай алмаған кезде, әлеуметтік желіге ашулы пост жаза алмай қалған кезде түсінеді. Демек, бұл ұлттық қауіпсіздік мәселесі, экономикамыздың дамуы, Қазақстанның дамуы мәселесі. Халық саны өсіп, қалалар көбейіп, ауылдар көркейіп келеді. Ауылдарда интернет пен лайықты инфрақұрылым болғанын қаласақ, әрине, жаңа қуат көздері қажет

6 қазанда өтетін референдум - кең ұлттық диалогтың тағы бір көрінісі және «тыңдаушы мемлекет» тұжырымдамасын жүзеге асырудың жарқын мысалы болмақ. Шын мәнінде, бұл қадамдар арқылы біз жаңа қоғамдық-саяси мәдениетті қалыптастырып, негізгі мемлекеттік шешімдер қабылдаудың жаңа стандарттарын белгілеп жатырмыз, деді Мемлекет басшысы өз жолдауында.

Жанасыл Серікбол, Мурат Абилмажит