Өңірде бір қатар тағайындаулар болды. Облыстың кәсіпкерлік және индустриялық-инновациялық даму басқармасына жаңа басшы келді. Облыс әкімінің өкімімен Людмила Курманова бұл саланы басқарады. Бұл туралы облыс әкімінің баспасөз қызметі хабарлайды.

Людмила Рашидқызы Курманова, 1981 жылы Павлодар қаласында туған. 2002 жылы Алматы экономика және статистика институтын «бухгалтерлік есеп және аудит» мамандығы бойынша аяқтаған. Еңбек жолын 2002 жылы Павлодар облысының экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының құрылымдық және инвестициялық саясат бөлімінің бас маманы болып бастады. Осы лауазымға тағайындалғанға дейін 2021 жылдың тамыз айынан бастап Павлодар облысы әкімінің кеңесшісі болды.Сондай-ақ облыстық мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау басқармасынын Нұрбек Қонротбаев жетекшілік етеді. Нұрбек Зейноллаұлы 1990 жылы туған. С. Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетін 2014 жылы «қаржы», 2018 жылы «көлік құрылысы» мамандықтары бойынша аяқтаған. «Құрылыс» мамандығы бойынша магистр дәрежесі бар.Еңбек жолын 2009 жылы «Ақсу-құрылыс» ЖШС инженері болып бастаған.2023 жылдың шілдесінен бастап осы қызметке тағайындалғанға дейін Павлодар қаласының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің басшысы бол