Павлодар облысында зиянды еңбек жағдайларында істеген 1000-ға жуық адамға зейнеткерлік алдында арнайы әлеуметтік төлем жасалды. Бұл төлем жалпы кімдерге беріледі? Ол үшін негізгі талап қандай? Тілші сюжетінде.

Былтыр Мемлекет басшысының Жолдауынынан кейін зиянды еңбек жағдайларында істеген азаматтарға арнайы әлеуметтік төлем енгізілді. Осылайша арнайы әлеуметтік төлемдерді 55 жасқа толған, кемінде 7 жыл бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына кәсіптік зейнетақы аударымдары бар азамат ала алады.

ЕВГЕНИЙ ГУБАРЕВ, ПАВЛОДАР ОБЛЫСЫ БОЙЫНША ЕҢБЕК ЖӘНЕ ХАЛЫҚТЫ ӘЛЕУМЕТТІК ҚОРҒАУ КОМИТЕТІНІҢ БӨЛІМ БАСШЫСЫ

Павлодар облысы бойынша арнайы әлеуметтік көмекті алуға 4 қаражат көзінен 1004 адам ниет білдірді. Қазіргі таңда 949 адам төлем алды. Екі қаражат көзінен 230 адам өтініш қалдырып, төлемдерін алып отыр. Арнайы әлеуметтік төлем бірнеше компоненттен тұрады және төрт қаражат көзінен жүзеге асырылады. Республикалық бюджеттен 2 ең төмен күнкөріс деңгейі мөлшерінде арнайы кәсіптік жәрдемақы, өмірді сақтандыру жөніндегі компаниялардан 1 ең төмен күнкөріс деңгейі мөлшерінде, жұмыс берушілердің қаражаты есебінен 1 ең төмен күнкөріс деңгейі мөлшерінде, бірыңғай жинақтаушы зейнет ақы қорынан міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары есебінен алады.

Елімізде арнайы төлем алатын қызметкерлері бар 1400 кәсіпорын бар. 2024 жылы 55 жастан шартты зейнетке, яғни арнаулы төлем алу құқығына 37 мың адам ие болды. Оның басым бөлігі тау-кен мен өндірістік өнеркәсіп қызметкерлері. Бұл төлем зейнет жасына жетпей қалған азаматтарға үлкен мүмкіндік. Құжаттарды рәсімдеу бірнеше кезеңнен өтеді.

ЕВГЕНИЙ ГУБАРЕВ, ПАВЛОДАР ОБЛЫСЫ БОЙЫНША ЕҢБЕК ЖӘНЕ ХАЛЫҚТЫ ӘЛЕУМЕТТІК ҚОРҒАУ КОМИТЕТІНІҢ БӨЛІМ БАСШЫСЫ

Анализ жасап қарасақ, облыста арнайы әлеуметтік төлемнің орташа мөлшері 208 мың теңгені құрайды. Ер адамдар 55 жастан 63-ке дейін, әйелдер 61 жасқа дейін алады. Төлем зейнеткерлік жасқа дейін төленеді. Арнайы төлемдерді алу үшін еңбек жағдайлары зиянды жұмыстармен айналыспауға тиіс.

Жалпы еліміз бойынша 10 мыңға жуық адам аталмыш төлемді алды. Олардың басым бөлігі Қарағанды облысынан.

Самал Қалиқызы