Депутаттар мен қоғамдық ұйым өкілдері елімізде атом электростанциясы салуды қолдайды. Бұл жөніндегі халық қалаулары бас қосқан өңірлік халықтық штаб отырысында баян етті. Толығырақ алдағы сюжетте.

Мәжіліс Спикері, «AMANAT» партиясының Төрағасы Ерлан Қошановтың қатысумен өткен штаб отырысына бейнебайланыс арқылы өңір депутаттары да қатысты. Айта кетейік, АЭС құрылыс еліміз үшін жаңа мүмкіндіктерге жол ашады Бұл нысанның құрылысы алдағы 100 жылдағы еліміздегі электр қуатының тапшылығын шешеді. Жаңа жұмыс орындары ашылады. Сондай-ақ, еліміздің өркениетті елдер қатарына қосылып, электр жарығына тәуелсіз өмір сүруіне ықпал етеді.

АЙДЫН СӘРСЕНБАЙ, "АУЫЛ" ПАРТИЯСЫ ПАВЛОДАР ОБЛЫСТЫҚ ФИЛИАЛЫНЫҢ БАСШЫСЫ

Мында негізгінің бірі айтып кеткен жөн. Оның негізі ҚР Президентінің өзі емес халыққа таңдау беріп тұрғаны өте маңызды болып табылады. Себебі, референдум болуы ол яғни халықтың болашағы деп айтуға болады. Яғни, халық өзінің болашағын күрделі сұрақтардың бірі өзі таңдайды.

Елімізде 6 қазан күні атом электр станциясын салу жөнінде референдум өтеді. Ұлттық таңдау жалпы халықтық диалогтың айқын көрінісі болмақ.

Әйгерім Тоқпанқызы