14 қыркүйек Дүниежүзілік медициналық алғашқы көмек көрсету күні деп белгіленген. Осы мақсатта Қазақстанның Қызыл ай қоғамының облыстық филиалы медициналық көмектер туралы айтты.

 Жалпы жыл сайын миллиондаған адам уақытылы алғашқы көмек көрсетпеу салдарынан қаза табады екен. Дүниежүзілік алғашқы медициналық көмек әлеуметтік маңызы бар күн. Осы мақсатта Қызыл жарты ай қоғамының өңірдегі филилалында жедел көмек көрсету шарасын өткізді.

ӘЛИЯ ӘШІРБЕКОВА, ҚЫЗЫЛ ЖАРТЫ АЙ ҚОҒАМЫНЫҢ НҰСҚАУШЫСЫ

Бұл күн не үшін таңдалды? Қызыл түс не үшін белгіленді? Халыққа күтпеген қиын жағдайдарда алғашқы медициналық көмек көрсете алатындай етіп,медициналық білімді үйретеміз. Яғни, туыстарына, жақындарына, таныстарына немесе бөгде адамдарға да көмектесе алады. Сондықтан, қарапайым әр адам медициналық әдістерді біле отырып, адам өмірін сақтап қалуға үлес қоса алады

Сондықтан адам өміріне немесе денсаулығына кенеттен қауіп төнгенде оның өмірін сақтап қалу үшін жедел шаралар қабылдау қажет. Және ол шараларды кез келген адам білуі керек.

Қымбат Садық