Бұдан кейін өңір судьялары “Толғауы тоқсан қызыл тіл” атты шешендік өнер сайысына қатысты. Толығырақ алдағы сюжетте.

Сайыс шешендік өнер мен ана тілді дамытуға бағытталды. Бұл байқауға түрлі деңгейді судьялар қатысты. Жалпы саны 5 команда, 40 қатысушы қатысты.

МҰРАТ СОЛТЫБАЕВ, ОБЛЫСТЫҚ ҚЫЛМЫСТЫҚ ІСТЕР ЖӨНІНДЕГІ СОТ АЛҚАСЫНЫҢ ТӨРАҒАСЫ

Мақсатымыз біздің кәсіби мамандығымызды бұрынңы салт-дәстүрімізбен бірге дәріптеу. Қасым ханның қасқа жолы деген сөз бар. Бздің қазақ даласындағы билердің шешендігі, даулардың шешілуі керек деген мәселелердің бәрі ықылым заманнан бері бой алған

Бұл тіл жөніндегі мемлекеттік саясатты іске асыру, мемлекеттік тілдегі процестік сот тілінің сапасын арттыру, сот жүйесінде қазақ тілін жетілдіру және мамандарды шешендік сөздерге үйрету мақсатында ұйымдастырылды. Сайысқа қатысушы «Атамекен» тобы мұндай сайыстардың маңызы зор дейді.

ҒАЛИЯ ЖАНҒАЗИНА, ПАВЛОДАР ОБЛЫСЫ МАМАНДАНДЫРЫЛҒАН АУДАНАРАЛЫҚ СОТЫНЫҢ СУДЬЯСЫ

Мемлекеттік тілімізді қастерлеп, ұрпақтарымызға жеткізу үшін, өзімізді дамыту үшін көп дайындалдық. Өлеңдерді жаттадық, тарихи тұлғалардың өмірін оқыдық. Сондықтан көп үлкен рух алдық. Қазақ тіліміз керемет бай көркем тіл. Бұл бізге мұра бо қалды, осыны біз жалғастырып, ары қаарй ұрпақтарымызға жеткізуіміз қажет

Айта кетейік, сайыстың алғашқы кезеңінде топтар өздерің таныстырды, кейін мақал-мәтелдер мен әртүрлі сұрақтарға жауап берді. Қатысушы командалардың барлығы сайысқа тыңғылықты дайындықпен келген.

АБАЙ СЫЗДЫҚОВ, ЖЕЛЕЗИН АУДАНДЫҚ СОТЫНЫҢ ТӨРАҒАСЫ

Конкурсқа қатысып отырмыз «Әділдік алаңы» командасы атынан. Командада Павлодар қаласы, Ертіс ауданының судьялары бар. Үй тапсырмасына халық дәстүрлері туралы көрініс дайындадық

СӘКЕН СӘДУАҚАС, ШАРБАҚТЫ АУДАНДЫҚ СОТЫНЫҢ ТӨРАҒАСЫ

Біздің команда төрт аудандық соттан құралған. Шарбақты, Баянауыл, Ақтоғай ауданы менЕкібастұз қалалық соты. Топтың аты «Болашақ». Осы сайыста ерулік салтын, айға құрмет салты мен бастысы Төле бидің әділ шешім шығарған көрініс көрсетеміз, Мұндай сайыстар өте жиі өтуі керек. Өйткені бұл қазақ тілін көтеруге өте маңызды, және ұмыт болып бара жатқан салт-дәстүрлерді дәріптеуге көмектеседі

 «Толғауы тоқсан қызыл тіл» атты шешендік өнер сайысында сот саласы қызметкерлері өздерің басқа қырларынан көрсетіп, өнерпаз екендерін таныта алды. Бастысы барлық қатысушы дәстүрлі ұлықтап, ана тілімізге деген жоғары құрметті көрсетті.

Қымбат Садық