Кәсіпорындарға электр энергиясын тұрақты, тәулік бойы жеткізу қажет. Атом энергетикасы осы талаптарға толық жауап береді. Баршаға мәлім 6 қазан күні елімізде атом электр станция салу жөнінде жалпыұлттық референдум өтеді.
Қазір Қазақстанда электр станцияларының қуаты 20 Гигаваттқа жетпейді. Бес жылдан кейін бұл жеткіліксіз болуы мүмкін. 2035 жылы біздің елге шамамен 25 ГигаВатт қажет болады. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына Жолдауында Жаһандық энергия тапшылығының өсуін ескере отырып, біз сенімді және экологиялық таза энергия көздеріне аса мұқтаж екенімізді атап өтті.
Электр энергияның негізгі тұтынушылары ірі өндірістік кәсіпорындар. Айта кетейік, орташа есеппен 100 мың тұрғыны бар бір қала, сағатына 700 миллион кВт тұтынады.
Сабина Жолдаспаева Мурат Абилмажит