Өңірде балалардың қатысуымен болатын жол-көлік оқиғалары әлі де тыйылмай тұр. Бүгінгі таңда балалардың қатысуымен 160 жол көлік оқиғалары тіркелген. Бұл туралы өңірлік коммуникациялар қызметінде айтылды.
Осы айдың басында Майқайың кентінде белгісіз жерде жолды кесіп өтпек болған бала көлік астында қалып, екі күннен кейін көз жұмған. Мұндай оқиғалардың басты себептерінің бірі – белгіленбеген жолды кесіп өту.
Жасөспірімдер арасында кең таралған скутерлер мен мопедтер ерекше қауіп төндіреді. Осыған байланысты "электр скутерлерді" көлік құралдары ретінде жіктейтін және оларды қауіпсіз пайдалануға қойылатын талаптарды белгілейтін заң қабылданды. Енді 18 жасқа толмаған және жүргізуші куәлігі жоқ адамдарға жолаушыларды тасымалдауға және жол жүруге тыйым салынады.
ҚУАНЫШ МҰСТАФИН, ПАВЛОДАР ОБЛЫСТЫҚ ПОЛИЦИЯ ДЕПАРТАМЕНТІ ЖЕРГІЛІКТІ ПОЛИЦИЯ ҚЫЗМЕТІ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСТЫҒЫ
Электр скутерлерге көлік құралы ретінде пайдалану үшін арнайы заң бар. Оның аясында ережелер мен талаптар күшейтілген. Яғни, ең алдымен, жолаушыларды тасымалдауға тыйым салынады және 18 жастан асқан азаматтар ғана жол бөлігіне шыға алады
Жоғарыда айтып өткеніміздей 160 жол-көлік оқиғасы салдарынан 3 кәмелетке толмаған жасөспірім қаза тапқан. Сондай-ақ, 180 бала жарақат алған, оның 11-і кәмелетке толмағандар. Мұндай салғырттық үшін ата-аналар жауапқа тартылатынын айта кету керек.
ҚУАНЫШ МҰСТАФИН, ПАВЛОДАР ОБЛЫСТЫҚ ПОЛИЦИЯ ДЕПАРТАМЕНТІ ЖЕРГІЛІКТІ ПОЛИЦИЯ ҚЫЗМЕТІ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСТЫҒЫ
Егер балалар жалғыз жүріп, олардың қатысуымен жол-көлік оқиғасы орын алса ата-аналар 127-бап бойынша жауапқа тартылады. Мысалы, оларға бес айлық есептік көрсеткіш көлемінде айыппұл салынады.Кәмелет жасына толмаған бала скутерді басқарып жүрсе, бірінші кезекте ата-ана жауапты болады
Балалар қауіпсіздігі үнемі полиция бақылауында болады, әрі осы мақсатта түрлі акциялар да ұйымдастырылады.
Қымбат Садық