Павлодар облысының мәдениет, тілдерді дамыту және архив ісі басқармасының ұйымдастыруымен, Жастар бастамаларын дамыту орталығында «Жарнама – тіл тазалығының көрінісі» облыстық байқауының марапаттау рәсімі өтті. Салтанатты шараның куәгері болып қайтқан тілші әңгімесінде.
5 қыркүйек күні өңірімізде тілдер айлығы басталды. Осы шара барысында мамандары мемлекеттік тілдің кең ауқымды қолданысын қамтамасыз ету, мемлекеттік тілдегі жарнама мәтінін сауатты жазу мәселесін қолға алған еді. Тіл жанашырлары байқау ұйымдастырды. Басты мақсат қала көшелерінде орналасқан көрнекі құралдардың сауатты жазылуын насихаттау.
САЯУЫШ СӘДУАҚАС. МӘДЕНИЕТ, ТІЛДЕРДІ ДАМЫТУ ЖӘНЕ АРХИВ ІСІ БАСҚАРМАСЫ БАСШЫСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ
Бүгінгі күнде өздеріңіз білесіздер жарнамалардағы көрнекі ақпараттардағы тілдің тазалығы, мемлекеттік тілдің тазалығы күн тәртібіндегі өзекті мәселелердің бірі. Енді күнделікті азаматтардан түсетін өтініштердің басым көпшілігі осы көрнекі ақпарттарындағы тілдің тазалығына байланысты болады. Сондықтан биылғы жылы жаңадан бекітілген концепцияның аясында осы іс-шараны ұйымдастырған болатынбыз. Шара облыс көлемінде 1 ай бойы жүргізілді.
Аталған байқауға заңды тұлғалардың мемлекеттік тілде жарнама мәтінін әзірлейтін копирайтерлері мен мекемелердің мемлекеттік тілге аударма жасайтын мамандары қатысты. Барлығы 13 қатысушы бақ сынады.
САЯУЫШ СӘДУАҚАС. МӘДЕНИЕТ, ТІЛДЕРДІ ДАМЫТУ ЖӘНЕ АРХИВ ІСІ БАСҚАРМАСЫ БАСШЫСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ
Біз өзіміздің шараларымызға көбінесе қала аудандардағы өкілдерді қатысуға мақсат етеміз. Осыған байланысты қала аудандарда жарнама саласында жұмыс жасайтын, әсіресе БАҚ баспа беттерінде жарнамамен айналысатын мекемелердің, газеттердің аудармашылары, редакторлары, сол жердегі тілшілер қауымының арасында осы шара өтті.
Ереже сәйкес, қатысушылар 2023 жылы және 2024 жылы қазақ тілінде әзірленген,қазақ тіліне аударған жарнама мәтіндерінің жарияланған орындарын дәлелдейтін құжаттарын ұйымдастырушыларға ұсынды.
САЯУЫШ СӘДУАҚАСОВ. ОБЛЫС МӘДЕНИЕТ, ТІЛДЕРДІ ДАМЫТУ ЖӘНЕ АРХИВ ІСІ БАСҚАРМАСЫ БАСШЫСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ
Қатысушылар мемлекеттік тілде өздері жариялаған көрнекі ақпараттарды, электронды нұсқасын және скрионшаттар фото солардың барлығын өздерінің жеке құжаттарымен бірге тапсырады және аударма жасауға жарнама жасауға берілетін тапсырмалар болады, сол тапсырмалардың барлығын орындаған дүниелерін құжаттарын жинақтап басқарманың тәуелсіз тағайындалған әділқазылар алқасына ұсыну керек болған.
Қатысушылар өз жұмыстарында қазақ тілін дұрыс әрі мәдениетті түрде қолдану, ұлттық құндылықтарды дәріптеу талаптарын орындауға тырысты. Жүлделі І орынды аудармашылық қызметін атқаратын Баршагүл Серғазина иеленді.
БАРШАГҮЛ СЕРҒАЗИНА, «АНА ТІЛІ» ОРТАЛЫҒЫ ЖШС АУДАРМАШЫСЫ
Аударламаларға бізге тапсырыс береді, фирламар, кәсіпкерлер. Біз оларға жазбаша түрде аударма жасап береміз. Конкурс жақсы өтіп жатыр осындай конкурстар бола берсін өте маңызды деп ойлаймын.
Айта кетейік, облыс байқауынан 1 орынды иеленген қатысушы Республикалық байқауға жолдама алады. Ал барлық қатысушылар алғыс хаттармен, ақшалай сыйлықтармен марапатталды. Кейін шара концерттік бағдарламаға ұласты.
Сабина Жолдаспаева