Достық үйі мәдени орталығының мәжіліс залында “Павлодар облысының сот жүйесіндегі мемлекеттік тілдің жағдайы” тақырыбында дөңгелек үстел өтті. Мемлекеттік тілдің сот жүйесіндегі деңгейі қандай? Келесі сюжетте.

Дөңгелек үстел, сот жүйесіндегі мемлекеттік тілдің қолданылу деңгейі мен дамыту мәселелеріне арналды. Бұл шараға сот қызметкерлері, заңгерлер, тіл мамандары және сарапшылар қатысты. Мақсат, сот ісін мемлекеттік тілде жүргізу. Сондай-ақ қолдану аясын кеңейту.

МҰРАТ СОЛТЫБАЕВ. ПАВЛОДАР ОБЛЫСТЫҚ СОТЫНЫҢ ҚЫЛМЫСТЫҚ ІСТЕР ЖӨНІНДЕГІ АПЕЛЛЯЦИЯЛЫҚ СОТ АЛҚАСЫНЫҢ ТӨРАҒАСЫ

Бүгінгі алқалы жиналысқа біз мемлекеттік тілдің, қазақ тіліміздің, ана тіліміздің Павлодар облысының сот жүйесінде қандай деңгейде екенін оны ары қарай жетілдіруге, аясын арттыруға байланысты кеңес өткізейін деп жатырмыз. Мемлекеттік органдардың өкілдері, құқық қорғау органдарының өкілдері бізде сот жүйесінде азаматтық, қылмыстық, әкімшілік құқық бұзушылық істер бойынша мемлекеттік тілдің қолданылу деңгейі бойынша әңгіме жүргізілетін болады.

Кездесу барысында мемлекеттік тілдің сот ісін жүргізудегі рөлі талқыланды. Процесс көбінесе құжаттар ресми тілінде қабылданып жүргізіледі. Бұған қоса, мемлекеттік тілді толық қолданудың алғышарттары әлі де толық жүзеге аспай отырғаны белгілі болды.

МҰРАТ СОЛТЫБАЕВ. ПАВЛОДАР ОБЛЫСТЫҚ СОТЫНЫҢ ҚЫЛМЫСТЫҚ ІСТЕР ЖӨНІНДЕГІ АПЕЛЛЯЦИЯЛЫҚ СОТ АЛҚАСЫНЫҢ ТӨРАҒАСЫ

Айта кететін жайт, көбінесе сол орыс тіліне қарай тергеу орыны болсын басқа мемлекеттік мекемелер болсын басқа үйреншікті өздеріңнің орыс тілдерімен жүргізіп келеді ғой, сондықтан осы іске қатысушы тұлғалар бізге сотқа келгенде белгілі болып жатат біз орыс тілін онша түсінбедік, орыс тілін білмедік, түсіндіріп айтпады деп. Сондықтан біз сотта тілді өзгертуге сондай арнайы қаулылар шығарып жатырмыз.

Жиналыс «Тіл тағдыры-ел тағдыры» тақырыбымен бастау алды. Сарапшылардың айтуынша, қазіргі таңда тиімді болып отырған құралдың бірі бұл оқыту.

САЯУЫШ СӘДУАҚАС, МӘДЕНИЕТ, ТІЛДЕРДІ ДАМЫТУ ЖӘНЕ АРХИВ ІСІ БАСҚАРМАСЫ БАСШЫСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ

Сот саласының қазақ тіліне ерекше көңіл бөлуі бұл заңдылық. Жалпы облыс мәдениеттер тілдерді дамыту және архив ісі басқармасының құзырына, қоғамның назарындағы өзекті мәселелердің бірі, мемлекеттік тіл саясатын жүзеге асыру кіреді. Жыл сайын облыста оның қалалары мен аудандарында ересек азаматтары үшін қазақ тілін тегін оқыту курстары жүргізіледі. Бүгінгі күні облыс бойынша бірінші жартыжылдықтың өзінде 1500 астам азамат оқыту курстарынан өтті.

Сот жүйесіндегі қазақ тілінің жай-күйі айтылып, сот үкіметіне арналған жобалар ұсынылды.

НҰРГҮЛ ҚАРАҒОЙШИНА, ҚР ПРЕЗИДЕНТІ ЖАНЫНДАҒЫ МЕМЛЕКЕТТІК БАСҚАРУ АКАДЕМИЯСЫНЫҢ ДОКТОРАНТЫ, МЕМЛЕКЕТТІК ТІЛДІ ДАМЫТУ БӨЛІМІ МЕҢГЕРУШІСІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ.

Осы жоғарғы сотта, сот төрағасының басшылығымен бірнеше ірі жоба жасадық. Сол жобалар туралы қысқаша айтып өтсем. Алдымен бұл судьялар қауымына арналған, сот актілерінің мемлекеттік тілдегі атты үлгілері. Республикалық судьяларының қолына таратылып берілген бұл жобада азаматтық қылмыстық істердің барлығының үкімдері мен шешімдерің қалай жазылу керектігін көрсететін құжаттардың жинағы жинақтылып, 300-ге тарта құжат жиылып, 700-ден астам бет осы сіздерге көмекші құрал ретінде дайындалған болатын. Бүгінде Республика судьялары осы кітапты қолдануда және бұл бізді бір ізділікке апартын үлкен жоба болды деп санаймыз.

Бұдан бөлек бас қосу барысында қатысушылар сот қызметкерлерінің мемлекеттік тілде біліктілігін арттыру, сот құжаттарын екі тілде рәсімдеу мәселелерін тілге тиек етті. Сондай-ақ халыққа қазақ тілінде қолжетімді ақпарат беру жолдары жөнінде пікір алмасты.

Сабина Жолдаспаева