Аймағымызда 326 әке баласына алимент төлемей қашып жүр. Полиция қызметкерлері сот орындаушыларымен бірге бұл ата-аналарды анықтау мақсатында арнайы рейдтік шара ұйымдастырды.

Облыс орталығының 36 жастағы тұрғыны балалары алдында 1 млн теңге қарыз. Алимент төлемей жалтарып жүргеніне біршама уақыт өтіпті. Жыл басынан іздеуде жүрген екен. Полиция қызметкерлері жауапсыз әкені анықтап, құзырлы мекеме қызметкерлеріне жіберді.

ҚҰРАЛАЙ МҰҒАДІЛОВА, ПАВЛОДАР ОБЛЫСЫ ПОЛИЦИЯ ДЕПАРТАМЕНТІ АҚПАРАТТЫҚ САЯСАТ БӨЛІМІНІҢ АҒА ИНСПЕКТОРЫ

Павлодар облысының полиция департаменті алимент төлемейтіндердің арнайы ерекше назар аударады. Кәмелетке толмаған балалардың алдында алимент бойынша берешегі бар ата-аналарды анықтау бойынша рейдтік шаралар тұрақты негізде жүргізіледі. Мәселен Павлодар қаласының тұрғыны алимент төлемей бойынша сот шешімін орындамай баласына 1 млн теңгден астам қарыз болды. Қабылданған шаралармен 36 жастағы ер адам ұсталды.

Заңнамаға сәйкес сот орындаушы міндетті түрде алимент төлеушімен жұмыс жасауы керек. Егерде борышкер қайтадан заң өкілдерінің ескертулерін елемей, алимент төлейден қашса, оның үстінен қылмыстық іс қозғалады. Айта кетейік Павлодар өңірі бойынша 326 ата алимент төлеуден жалтарып жүр.

Әйгерім Тоқпанқызы